Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ӘЧ-2026 ашылу матчі үш ойыншыны алаңнан қуумен аяқталды

Бүгін, маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Мексика құрамасы 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатының алғашқы матчінде ОАР-ды жеңді, деп хабарлайды Tengri Sport.
Мундиальдың ашылу матчы Мексика астанасы – Мехикодағы "Ацтека" стадионында өтті. Кездесу алдында салтанатты ашылу рәсімі болып, онда танымал әнші Шакира турнирдің ресми әнұраны "Dai Dai" шығармасын орындады.
Командалар құрамы
Мексика: Ранхель (Қ), Фернандес, Монтес, Васкес, Гальярдо, Лира, Гутьеррес, Фигальдо, Альварадо, Киньонес, Хименес.
ОАР: Уильямс (Қ), Мудау, Сибиси, Окон, Мбокази, Модиба, Мокоена, Ситоле, Адамс, Рейнерс, Фостер.
Матч барысы
Алаң иелері ойынның 9-минутында-ақ есеп ашты. Оңтүстікафрикалықтардың қателігінен кейін мундиальдағы алғашқы голды шабуылшы Хулиан Киньонес соқты.
Екінші таймның басында, 49-минутта ОАР жартылай қорғаушысы Яя Ситоле айып алаңының шебінде соңғы фол жасағаны үшін алаңнан қуылды.67-минутта мексикалықтар есепті еселеді: Роберто Альварадо қапталдан допты Рауль Хименеске асырды, ол өз кезегінде пасқа сәтті шығып, гол соқты.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Selección Nacional de México (@miseleccionmx) жарияланымы


Ал 84-минутта оңтүстікафрикалықтар тоғыз ойыншымен қалды, жартылай қорғаушы Темба Зване қарсыласын итеріп жібергені үшін алаңнан қуылды.
Бірнеше минуттан кейін мексикалықтар да қызыл қағаз алды, қорғаушы Сезар Монтес айып алаңы алдында қарсыласын шалып жықты.
Матчтің қорытынды есебі - 2:0, Мексика құрамасы жеңіске жетті.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Selección Nacional de México (@miseleccionmx) жарияланымы


Еске сала кетейік, биыл турнир алғаш рет бірден 48 команданың қатысуымен өтеді. Олар 12 топқа бөлінген және ойындар үш елде: АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.Әлем чемпионатының барлық 104 ойыны 11 маусым мен 20 шілде аралығында өтеді. Топтық кезеңнің толық кестесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.
Мундиальдың келесі матчы 12 маусым күні таңғы сағат 7:00-де (Қазақстан уақытымен) өтеді, онда Оңтүстік Корея мен Чехия құрамалары кездеседі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus