Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

KAZ Minerals Абай облысында мыс балқыту зауытын салады: оның елге пайдасы қандай?

Абай облысында қуаттылығы жылына 300 мың тонна катодты мыс балқытуға жететін зауыт салынады. Жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 1,5 миллиард долларды құрайды, ал зауыт 2030-31 жылдары іске қосылады деп күтілуде.
Жоба жайлы Астанада өткен АММ2026 Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресінде "KAZ Minerals Management" ЖШС басқарма төрайымы Айжан Балабатырова айтып берді. Компания қазір мыс концентратын экспорттайды. Ал зауыт іске қосылғаннан кейін KAZ Minerals Тобы шикізатты толығымен елде өңдеуді жоспарлап отыр.


"Абай облысындағы мыс балқыту зауытын салу – тек KAZ Minerals компаниясы үшін емес, жалпы мемлекетіміз үшін стратегиялық маңызды жоба. Себебі біз тереңдетілген өңдеумен айналысудамыз. Яғни, енді концентрат экспорттамаймыз, оны өзімізде бар қондырғылармен өңдейміз. Оның басты өнімі – катодты мыс", - деп мәлімдеді AMM 2026 конгресінде "KAZ Minerals Management" ЖШС басқарма төрайымы Айжан Балабатырова.

Зауыт катодты мыс, тазартылған алтын, күміс және күкірт қышқылын өндіреді. Қазір компания техникалық жобаларды пысықтап, EPC-мердігерлермен келіссөздерді аяқтауда.

Іске қосылғаннан кейін кәсіпорында 1000-ға жуық жұмыс орны ашылады. Айжан Балабатырова жобаның айтарлықтай экономикалық әсер беріп, аймақтың дамуына септігін тигізеріне тоқталды.

"Жұмыс орындарынан бөлек смелтердің айналасында (Мыс балқыту зауыты - авт) толыққанды инфрақұрылым пайда болады. Бұл, әрине, біздің зауытымызды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнес. Өндіріс пен инфрақұрылым, аймақтағы теміржол қатынасы кеңейіп, дамиды. Яғни, бұл Абай облысының дамуына серпін беретін жоба", - дейді төрайым.


Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асуда. KAZ Minerals Management басшысы Қазақстанның даму банкі құрылысты ұзақ мерзімді қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырып жатқанын хабарлады. Мыс балқыту зауыты Республикалық индустрияландыру картасы мен шикізатты терең өңдеуге арналған ірі жобалар тізіміне енгізілді.
Зауытта өндірістік процесстерді басқару және ресурстарды тұтынуды бақылау үшін жасанды интеллектті енгізу жоспарлануда. Төрайым дәл осындай технология Ақтоғай кенішінде 2 миллионнан аса текшеметр суды үнемдеуге септігін тигізгенін атап өтті.

Суреттер: Нұрлан Алжабаев

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus