Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

83 жыл бұрынғы температуралық рекорд жаңарды: Қазақстанда мамыр айы қандай болды?

2026 жылғы мамырда Қазақстанда бірден бірнеше температуралық рекорд жаңарды. Олардың бірі 80 жылдан астам уақыт бойы бұзылмаған еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

2026 жылғы мамырда ауа райы қандай болды?

Синоптиктердің мәліметінше, айдың басы мен соңында ел аумағының басым бөлігінде құрғақ және аномальды жылы ауа райы басым болды. Дегенмен мамыр айының ортасында солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде -1...-7 градусқа дейін үсік жүрді.

Астанада мамыр айындағы ауа райы қандай болды?

Астанада мамыр айындағы орташа ауа температурасы 17,1 градус жылыны құрады, бұл климаттық нормадан 2,6 градусқа жоғары. Салыстырмалы түрде айтсақ: орташа айлық норма 14,5 градус жылыны құрайды.

Елордадағы ең жоғары ауа температурасы 31 мамырда тіркеліп, 33,8 градус жылыны көрсетті. Ал ең төменгі температура 12 мамырға қараған түні байқалды - 1,3 градус жылы.

Бір ай ішінде Астанада 18 миллиметр жауын-шашын түсті, бұл 33 миллиметрді құрайтын айлық нормадан төмен.

Рекордтар

Температуралық рекордтар бірден бірнеше өңірде тіркелді.

Мәселен, 1 мамырда Павлодарда 29,4 градусқа дейін жылыды. Бұл күн үшін бұрынғы ең жоғары көрсеткіш 29 градус болатын және ол 2022 жылы орнатылған еді.

6 және 7 мамырда Жезқазғанда тиісінше 33,1 және 33,8 градус температура тіркелді. Бұл көрсеткіштер температура 31,3 және 31 градусқа дейін көтерілген 2014 және 2001 жылдардағы рекордтардан асып түсті.

7 мамырда Қызылордада ауа температурасы 36,7 градусқа жетті, бұл 2001 жылғы бұрынғы рекордтан (35 градус) жоғары.

Сол күні Таразда ауа 32,1 градусқа дейін жылып, 2015 жылғы ең жоғары көрсеткіштен (31,4 градус) асты. Ал 9 мамырда қаладағы температура 31,8 градусқа жетіп, 2024 жылғы 31,3 градустық рекордты жаңартты.

31 мамырда Петропавлда термометр бағандары 35 градусқа дейін көтерілді. Осылайша, 1943 жылғы рекорд жаңартылды, ол кезде температура 33,6 градусқа жеткен болатын.

Қарағандыда 31 мамырда температура 33,7 градусты құрап, 1952 жылғы ең жоғары көрсеткіштен (33 градус) асты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus