Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Далаға шығу мүмкін емес“. Қазақстанның мұнайлы астанасында маса мен шіркей қаптады

Атырауда маса мен шіркейге шағымданушылар қатары күн санап артып келеді. Облыс әкімдігінің Telegram-чаты наразы тұрғындардың хабарламаларына толған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

"Әкімдік өңдеу жұмыстары кесте бойынша жүріп жатқанын айтады. Бірақ біздің Лесхоз мөлтек ауданында осы уақытқа дейін бірде-бір рет дезинсекция жасалған жоқ", - дейді жергілікті тұрғындардың бірі.


"Геологта неге дезинсекция жасалмайды? Далаға шығу мүмкін емес. Маса мен шіркей қаптап кетті. Түнде балаларды шағып, қышынғаннан ұйықтай алмайды", - деп шағымданды Геолог мөлтек ауданының тұрғыны Бибігүл Сарғалиева.

Өзге қала тұрғындары маса мен шіркейге қарсы күреске бюджеттен қаражат бөлінді ме екен деген сауал жолдаған. Самал мөлтек ауданының Шынар есімді тұрғыны да жағдайдың өзгеріссіз қалып отырғанын айтады.

"Самалда ештеңе өзгерген жоқ. Маса мен шіркейді қашан улайды? Далаға шығу мүмкін емес. Мұнайлы астанада жай ғана масамен күресуге мүмкіндік жоқ па?" - деп кейиді ол.

Көптеген шағымға байланысты бейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметі қалада жүргізіліп жатқан масамен күрес жұмыстары туралы ақпарат таратты. Алайда хабарламада шіркейлер туралы ештеңе айтылмаған.

Ресми мәліметтерге сүйенсек, соңғы күндері жаңбыр жиілеп, теңіз жақтан соққан жел күшейген, бұл масалардың жаппай көбеюіне әкеп соқтырған. Осыған байланысты дезинсекциялық жұмыстар күшейтілді.
"AG Disinfection Services" ЖШС-нің мәліметінше, дезинсекция күн сайын сағат 22:00-ден 02:00-ге дейін жүргізіледі. Қазіргі уақытта жұмыстар күшейтілген режимде – тәулігіне 3–4 рет шығу арқылы атқарылып жатыр.
Көппәтерлі үйлердің жертөлелері мен кіреберістері, су айдындары мен батпақты жерлер өңделіп жатыр. Дезинсекциялық шаралар жаз бойы жалғасады.
Десе де, кейбір тұрғындар жүргізіліп жатқан жұмыстардан әзірге айтарлықтай нәтиже көрмей отырғандарын айтады. Ал енді біреулер өңдеу жұмыстарынан ешқандай қайыр жоқ деп есептейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus