Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда қылмыстық теріс қылықтар үшін тағы бірнеше жыл қамауға алу қолданылмайды

Қазақстанда 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін қылмыстық теріс қылықтар үшін қамауға алу шарасы қолданылмайды. Қылмыстық кодекске, Қылмыстық-процестік кодекске және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске тиісті түзетулерді бүгін Сенат депутаттары бірінші оқылымда қарады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Заң жобасы жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Президенттің қылмыстық және әкімшілік рақымшылық жариялау туралы бастамасынан кейін Парламент депутаттарының ұсынысымен әзірленді.
Қамауға алу мерзімі неге тағы бірнеше жылға шегерілді?
Негізгі түзетулердің бірі – Қылмыстық кодекстің қылмыстық теріс қылықтар үшін қамауға алу түріндегі жазаны қарастыратын 45-бабының қолданылуын тоқтата тұру мерзімін 2030 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту.
Бейінді комитеттің қорытындысында айтылғандай, бұл шешім жазаның аталған түрін орындау үшін қажетті инфрақұрылымның жоқтығымен байланысты. Мемлекетке қамауға алынғандарға арналған арнайы қабылдау орындарын салу үшін қосымша уақыт қажет.
Қылмыстық істерде не өзгереді?
Қылмыстық-процестік кодекске енгізілген түзетулердің негізгі блогы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтау мәселелеріне қатысты.
Заң жобасында сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының айыптау актісін жасау құқығын сақтау ұсынылады, оны кейін прокурор бекітетін болады.
Құжатты әзірлеушілердің пікірінше, қолданыстағы жүйе жұмыстың қайталануына әкеп соғады, өйткені тергеу материалдары мен айыптау актілерінде көбіне бірдей ақпараттар қамтылып, бұл прокуратураға түсетін жүктемені арттырады.
Сондай-ақ құжатта мынадай шаралар қарастырылған:

артық процестік рәсімдерді қысқарту;
прокурорлардың өкілеттіктерін нақтылау;
қылмыстық істерді сотқа жолдау тәртібін өзгерту;
қылмыстық істердің аумақтық соттылығын нақтылау;
кәмелетке толмаған күдіктілер мен айыпталушылардың заңды өкілдерінің құқықтарын түзету.

Рақымшылық жасау тәртібі қалай өзгереді
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулер рақымшылық жасау актілерін қолдану механизмін жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, рақымшылықты қолдану үшін құқықбұзушының немесе жәбірленушінің келісімі талап етілмейтіні туралы норманы бекіту ұсынылады.
Бұдан бөлек, рақымшылық актісінің болуы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән-жайға айналады.
Заң жобасында рақымшылық жасау рәсімдерін цифрландыру да қарастырылған. Рақымшылыққа ілінетін адамдардың тізілімі Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі арқылы автоматты түрде қалыптастырылып, шешімдер электронды форматта қабылданатын болады.
Заңның қабылдануынан не күтіледі?
Әзірлеушілердің мәліметінше, түзетулердің қабылдануы қылмыстық сот ісін жүргізудің тиімділігін арттыруға, артық бюрократиялық кедергілерді азайтуға, прокурорлық қадағалауды жақсартуға және рақымшылық актілерін қолдануды жеделдетуге мүмкіндік береді.
Талқылау қорытындысы бойынша Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті Сенатқа заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынды.
Бұған дейін Сенат рақымшылық туралы заңды қабылдаған болатын. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Қазақстанда 15 мыңнан астам сотталған азамат рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus