Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан шекарасында Қытайдан келген кеселді шабдалы мен сәбіз анықталды

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Қытайдан Қазақстанға кеселді карантиндік өнімдердің ірі партияларын әкелу әрекетінің жолын кесті. Жүк иелеріне қатысты әкімшілік істер қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі сайтына сілтеме жасап.
Мұқият тексеру және зертханалық сараптама барысында жалпы салмағы 39,52 тонна болатын екі жүк жөнелтілімінен қауіпті зиянкестер табылды. Атап айтқанда, 19 тонналық шабдалы партиясынан шығыс жеміс жегісі, ал 20 тонналық сәбіз партиясынан алтын түстес картоп нематодасы анықталды.
Анықтама: Шығыс жеміс жегісі — бұл қауіпті карантиндік зиянкес (көбелек), оның жұлдызқұрттары жеміс ағаштарының, әсіресе шабдалы, беже, алмұрт және алманың жемістері мен жас өскіндерін зақымдайды. Ол өнімді толығымен дерлік жойып, ағаштардың жасыл желегінің солуына себеп болуымен қауіпті.
Алтын түстес картоп нематодасы — бұл алқа тұқымдас өсімдіктердің, ең алдымен картоптың тамыр жүйесін зақымдайтын микроскопиялық жұмыр құрт-паразит. Зиянкес бұталарды аздырып, өнімнің 80 пайызына дейін жоғалуына әкеледі, ал оның цисталары топырақта ондаған жылдар бойы сақталып, жерді егін егуге жарамсыз етеді.
Министрлік аталған карантиндік нысандардың ел аумағына енуі азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретінін және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өнімін айтарлықтай шығынға ұшыратуы мүмкін екенін айтты.

"Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына сәйкес, залалданған өнімдердің барлығы жедел кері қайтарылды(ҚХР). Жүктің иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды", - делінген таратылған хабарламада.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus