Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Жастығының астына пышақ тығып қоятын болды“: мектеп оқушысы атасын тиісті деп айыптады

Алматы облысының 15 жастағы тұрғыны өгей атасы тарапынан жасалған тиісу әрекеттеріне шағымданды. Полиция тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
БАҚ мәліметінше, Алматы облысында 62 жастағы ер адам бірнеше ай бойы 15 жастағы қызға тиіскен. Жасөспірім КТК арнасына анасы түнгі ауысымға жұмысқа кеткен кезде ер адам оның бөлмесіне бірнеше рет келгенін айтқан.

"Ол менің кеудем мен жамбасымнан ұстайтын. Мойнымнан сүйетін кездері де болды. Бір күні ыдыс жуып жатқанымда, атам мені шақырып алып, жалаңаш еркектер мен әйелдердің видеосын көрсетті. "Міне, қара, бұлар сенің құрдастарың" деді. Мен ашуланып, сіңлімді алдым да, кешке дейін далада жүрдік", – деді қыз телеарна журналисіне.

БАҚ мәліметінше, ер адам қыздың туған атасы емес ол анасының екінші күйеуінің әкесі. Әйелдің бірінші некесінен екі баласы бар. Екінші некесінен кішкентай қызы бар, қазір төртінші баласына аяғы ауыр.

"Үлкен қызым айтып берді: үйде бәрі ұйықтап қалғанда, атасы көрпе астына кіріп, оның жамбасынан ұстайды екен. Осыдан кейін ол жастығының астына пышақ тығып қоятын болды. Мен жұмыста болғанда, қайын атам балаға порнография көрсеткен. Мұның бәрін күйеуіме айттым. Бірақ ол тіпті тыңдағысы да келмей, мені соққыға жықты", – деді қыздың анасы.

КТК телеарнасының ақпаратына сүйенсек, қазіргі уақытта үш баласы бар жүкті әйелді жанашыр жандар уақытша паналатқан. Күдікті әзірге бостандықта жүр. Оның мектеп автобусының жүргізушісі болып жұмыс істейтіні белгілі.
Полиция не дейді?
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Оқиғаның барлық мән-жайын объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаға қатысушылардың барлығының уәждері мен түсініктемелері мұқият тексеріліп, тиісті процестік әрекеттер тағайындалды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция өкілдері бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі жүргізілген тергеу амалдарының қорытындысы бойынша заңда белгіленген тәртіппен шешілетінін атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus