Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Доллар бағамы жазда қалай өзгереді? Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Доллар бағамы алдағы уақытта қалай өзгереді және оның одан әрі өсуіне негіз бар ма? Мәжіліс кулуарында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов осы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Толығырақ
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ұлттық банк әзірге бағамның күрт өсуіне ешқандай негіз көріп отырған жоқ.

"Доллар бағамына келетін болсақ, оның жазда да, күзде де күрт өсуіне ешқандай іргелі немесе нарықтық алғышарттарды көріп тұрған жоқпыз", - деді Ұлттық банк басшысы.

"Бағам - маусымдық құбылыс"
Сүлейменов бағамның ауытқуы маусымдық факторларға байланысты болуы мүмкін екенін түсіндірді. Оның айтуынша, жазда демалыс маусымының басталуына байланысты шетелдік валютаға деген сұраныс дәстүрлі түрде артады.
Ол бұны көкөніс пен ет бағасымен салыстырды.

"Маусымдық құбылыс көкөніс, ет бағасында және басқа да заттарда бар. Тіпті тарифтерде де: жазда үйді жылытпайтындықтан аз төлейміз, ал күз бен қыста жылу үшін көбірек төлейміз. Сондықтан доллар бағамының да өз кезеңдері бар. Жазда адамдар демалысқа және басқа да мақсаттарға валюта сатып алады", - деп түсіндірді Сүлейменов.

Сондай-ақ ол жаз бен күз айларында ірі компаниялар құрылыс маусымында көбірек жобаларды іске асырып үлгеру үшін шетелдік жабдықтар мен материалдарды белсенді түрде сатып алатынын атап өтті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, сол себепті жыл басында бағам әдетте төмендейді, ал жыл ортасы мен аяғына қарай өсе бастайды.

"Сондықтан биыл да осындай үрдіс болады деп ойлаймыз. Бірақ ол ерекше бір жағдай болмайды, қалыптасқан тарихи мәндер шеңберінде болады. Күрт көтерілу күтілмейді", - деп сендірді Ұлттық банк төрағасы.

Тағы не белгілі?
Бұған дейін Ұлттық банк доллар неге қымбаттай бастағанына және алда не күтіп тұрғанына қатысты пікір білдірген болатын.

"Меніңше, бұл жағдай үлкен таңғалыс тудырмауы керек. Бұрынғы долларына 500 теңге шамасындағы бағам мұнай бағасы барреліне 65–70 доллар болған кезде қалыптасқан еді. Негізгі экспорттық тауарымыз, біздің жағдайда мұнай екі есеге жуық қымбаттағанда, валюталық түсім артады. Теңге бағамының нығаятыны анық", - деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы сол кезде бағамға тек валюта ұсынысы ғана емес, оған деген сұраныс та әсер ететінін баса айтқан.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus