Футболдан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің плей-офф сатысына өтті
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы өз іріктеу тобында екінші орын алып, еуропалық квалификацияның плей-офф кезеңінің алғашқы раундына жолдама алды.
Келесі кезеңде команданы жеребе күтіп тұр, ол матчтердегі қарсыласты анықтайды.
Плей-офф кезеңінің алғашқы раундына арналған жеребе тарту рәсімі 18 маусымда Ньонда (Швейцария) өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan women’s football team (@kff_women) жариялаған жазба
Еске салайық, топтағы соңғы матчте Қазақстан құрамасы Армения ұлттық командасымен кездескен болатын. Ереванда өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. 35-минутта қорғаушы Светлана Карагезян гол соғып, армян қыздарын алға шығарды.
Кейін 70-минутта қазақстандық шабуылшы Әмина Бибосынова таразы басын теңестірді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan women’s football team (@kff_women) жариялаған жазба
Әйелдер арасындағы футболдан әлем чемпионаты 2027 жылдың 24 шілдесі мен 25 тамызы аралығында Бразилияда өтеді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
FIFA Women's World Cup (@fifawomensworldcup) жариялаған жазба