Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Израиль қаржы министріне Францияға кіруге тыйым салынды

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро ел билігі Израильдің Қаржы министрі, оңшыл радикалды "Діни сионизм" партиясының көшбасшысы Бецалель Смотричтің елге кіруіне тыйым салғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі DW басылымына сілтеме жасап.
Осындай шектеулер Иордан өзенінің батыс жағалауындағы израильдік қоныстанушылардың төрт жетекшісіне және "зорлық-зомбылық жасаған" тағы 21 қоныстанушыға қатысты енгізілген.
Барро Х әлеуметтік желісінде Смотрич Батыс жағалауды аннексиялауды, сондай-ақ Газа секторына қайта қоныстануды және Палестина автономиясының экономикалық күйреуін белсенді түрде насихаттап жүргенін, бұл "палестиналықтар үшін ауыр зардаптарға" әкелетінін жазды.
Оның айтуынша, бұл - Израиль мен Палестина атты екі мемлекет құру идеясын берік ұстанатын "халықаралық қауымдастық мүшелерінің басым көпшілігі қабылдай алмайтын" саясат.


Британдық, канадалық, австралиялық, жаңазеландиялық және норвегиялық серіктестерімізбен бірге біз бүгін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы отарлау мен зорлық-зомбылықтың өршуіне жауаптыларға қарсы жаңа санкциялар қабылдап жатырмыз.Ұлттық деңгейде біз келесі тұлғалардың елге кіруіне тыйым салдық... pic.twitter.com/VwGy3l7l00
— Jean-Noël Barrot (@jnbarrot) June 9, 2026
Басылым ақпаратынша, кейінгі айларда Иордан өзенінің батыс жағалауында израильдік қоныстанушылардың жергілікті палестиналықтарға шабуыл жасауы жиілеген. Мұндай оқиғаларды Германия СІМ басшысы Йоханн Вадефуль айыптады.
Әлемдік қауымдастықтың наразылығына қарамастан, Израиль соңғы онжылдықтарда Батыс жағалауда ондаған елдімекен салды. 2025 жылдың тамызында Израиль билігі Иерусалим маңында жаңа қоныстар салу жобасын мақұлдады. Смотрич бұл жоспар Палестина мемлекетін құру мүмкіндігін "жоюға" бағытталғанын мәлімдеді.
8 маусымда Италия прокуратурасы тағы бір оңшыл радикалды "Еврей күші" партиясының көшбасшысы, Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвирге қатысты іс қозғағаны белгілі болды. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бұған оның "Сумуд" гуманитарлық флотилиясының құрамында болған италиялық белсенділерді ұрлау және азаптау ісіне қатысы бар деген күдік себеп болған.
Бен-Гвир тергеуден қашпайтынын және "бұрынғысынша израильдік жауынгерлердің қасында мақтанышпен тұра беретінін" айтты.

"Етік пішінді ел тәпішке еліне айналды", - деп қосты ол Италияның географиялық пішініне меңзеп.

Италия Сыртқы істер министрі Антонио Таяни бұл сөздерді қабылданбайтын әрі "министрге лайықсыз" деп атады.
"Сумуд" флотилиясы Газа секторына бара жатқан жерінде 18 мамырда халықаралық су айдынында Израиль әскери-теңіз күштері тарапынан тоқтатылған болатын. Израиль билігі Газа секторындағы теңіз блокадасын бұзу әрекеттерін ХАМАС қозғалысына қолдау көрсету деп бағалап, бұған дейін ескерту жасаған еді.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба халықаралық деңгейде өткір сынға ұшырады. Онда "Сумуд" флотилиясының белсенділері Израильдің Ашдод портында қолдары артына байланған күйде, бастары төмен салбырап, тізерлеп тұрғаны, ал Бен-Гвир олардың арасында Израиль туын ұстап жүріп, иврит тілінде: "Израильге қош келдіңіздер, мұнда біз қожайынбыз" деп айқайлағаны көрінеді. Осы оқиғадан кейін Франция Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министріне елге кіруге тыйым салды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus