Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

24 елді аралап, Алғада тоқтап қалған. Қазақстанда жол апатына түскен шетелдік автоүйде тұрып жатыр

Ақтөбе облысындағы жол апатынан кейін неміс саяхатшысы Дитер Эдвин Альбрехт үйіне қайта алмай отыр. Көлігі қирап, алда сот күтіп тұр, ал автоүй оның уақытша баспанасына айналды. Алға қаласының тұрғындары шетелдікке азық-түлік пен жылы киім-кешек беріп көмектесіп жатса, саяхатшының өзі өзінен гөрі жол апатынан зардап шеккен отбасы үшін көбірек алаңдап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дитер Эдвин Альбрехт соңғы 15 жылда Еуропа мен Азия жолдарында мыңдаған шақырымды артқа тастаған. Неміс саяхатшысы ұзақ сапарларға, үйден жырақта түнеуге және жолдағы тосын жағдайларға әбден үйренген.
Фото Tengrinews.kz
Ер адам осы уақытқа дейін 24 елді аралаған, алайда оның ішінде Қазақстан бойынша сапары ең ауыр әрі есте қаларлықтай болды. Маусым айының басында оның саяхаты Ақтөбе облысында күтпеген жерден үзілді. Енді жаңа бағыттар мен әсерлердің орнына - сотты күту, полицейлермен сөйлесу және апаттан кейін тап болған Қазақстанның шағын Алға қаласындағы тіршілік басталды.
"Мен көлік қозғалып бара жатыр деп ойладым"
Жол-көлік оқиғасы 6 маусымда болған. Шетелдіктің айтуынша, оның тұрғын модулі бар автокөлігі жол жиегінде тұрған "Нивамен" соқтығысқан. Көлік ішінде жүргізуші, оның жұбайы және төрт айлық сәби болған. Апат салдарынан жүргізуші қатты жарақат ала қоймаған.

Алайда оның әйелі мен баласы ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің мәліметінше, бастапқыда әйелді қалалық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне орналастыруға тура келген. Бірақ бүгін оның жағдайы жақсарып, палатаға ауыстырылды. Бала да дәрігерлердің бақылауында.

Екі көлік те айтарлықтай зақымданған. Оқиғаға қатысушылардың айтуынша, көліктерді қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес. Жол апатынан кейін шетелдікті Алғаға жеткізген. Басынан өткерген күйзеліске қарамастан, ер адам бірден тергеумен ынтымақтаса бастап, қажетті түсініктемені берген.

Қазір ол Қазақстанда қалып, оқиғаның қалай аяқталарын күтіп отыр. Саяхатшы сол кештегі жағдайды әлі күнге дейін ой елегінен өткізіп, қай сәтте қателік жібергенін түсінуге тырысып жүргенін айтады.
Дитер Альбрехттің сөзінше, ол алдындағы көлікті көрген, бірақ оны жалпы көлік ағынымен бірге қозғалып бара жатыр деп нық сенген.

"Мен оны анық көрдім. Сол сәтте мені басқа көлік басып озды. Сондықтан ана көлік те қозғалып бара жатыр деп ойладым. Бірақ оның тоқтап тұрғанын түсінбедім. Ол жол жиегінде немесе аялдау жолағында емес, дәл жолдың ортасында тұрды. Көліктің шамдары жанып тұрмаған еді, бірден көзге түсетіндей ештеңе байқалмады. Мен оны жүріп бара жатыр деп шештім. Оның орнынан қозғалмай тұрғанын аңғармаппын", - деп еске алады Германия азаматы.


Ер адамның айтуынша, бәрі қас-қағым сәтте болған. Алдында қозғалыссыз кедергі тұрғанын түсінген кезде, қауіпсіз тежеу үшін арақашықтық тым аз болып шыққан. Шетелдіктің сөзінше, тіпті көліктің заманауи электронды жүйелері де соқтығысудың алдын ала алмаған.

"Менде тоқтап үлгеруге уақыт болмады. Көлігім толық автоматтандырылған жүйемен жабдықталған: ол өздігінен жүріп, өздігінен тежей алады. Бірақ бұл жүйенің де соқтығысуды болдырмауға уақыты жетпеді", - деді Дитер Эдвин Альбрехт.

Болған жағдайды түсіндіре отырып, ол жауапкершілікті басқа біреуге артқысы келмейтінін баса айтты. Жүргізуші кез келген жағдайда жолдағы ахуалды бақылауда ұстауға міндетті екенін мойындайды.

"Егер мен тұрған көлікке соғылсам, негізгі кінә менде болады. Ол көліктің ол жерде қандай себеппен тұрғаны маңызды емес. Менің міндетім - кез келген сәтте тоқтап қалуға немесе кем дегенде жылдамдықты айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретіндей зейін қою. Бұл өте өкінішті әрі қайғылы жағдай, бәрінің осылай болғанына қатты өкінемін. Мен жай ғана көліктің тұрғанын көрмей қалдым", - дейді Дитер Эдвин Альбрехт.

Фото Tengrinews.kz
Апаттан кейін саяхат іс жүзінде аяқталды. Қазақстан бойынша бағытын жалғастырудың орнына, шетелдікке іс бойынша шешімдерді күтуге тура келді.
Қонақүйдің орнына - автоүй
Қазір неміс азаматы үшін оның көлігіне тіркелген тұрғын модуль уақытша баспанаға айналды. Иесінің жанында осы уақыт бойы оның адал серігі - Текила есімді иті жүр.

Жергілікті тұрғындар ерекше қонақтармен танысып, тіпті оларға бауыр басып үлгерген. Дитердің өзі саяхаттап жүрген жылдары жол үстіндегі өмірге үйреніп кеткенін айтады. Оның автоүйінде тұрмысқа қажеттінің бәрі бар: су, жылу, ас үй және демалатын орын.
Ер адам мұндай жағдайға тап боламын деп ешқашан ойламағанын мойындайды. Әсіресе алда келе жатқан туған күні ол үшін ерекше мәнге ие болып отыр. 21 маусымда саяхатшы 61 жасқа толады. Ол бұл күнді Германиядағы үйінде емес, Алға қаласында қарсы алатын түрі бар.

Өтемақы ма, әлде сот па?
Қазіргі уақытта полицейлер жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын тергеп жатыр. Олар шетелдікпен онлайн-аудармашы арқылы тілдесуге мәжбүр.

"6 маусымда Ақтөбе – Астрахань тасжолында Германия Федеративтік Республикасының азаматы Mazda CX-5 автокөлігін басқара алмай, жол жиегінде тұрған ВАЗ-21213 автокөлігіне соқтығысқан. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД.

Шетелдік азамат қазіргі уақытта қазақстандық заңнаманың ерекшеліктерін түсініп, шығынды өтеу мәселесі қалай шешілетінін білуге тырысып жатыр. Оның айтуынша, оқиғадан кейін бірден сақтандыру компаниясына жүгінген, өйткені сапарға шықпас бұрын қазақстандық сақтандыру полисін рәсімдеген. Алайда ондағылар төлемдер тек барлық сот процедуралары аяқталғаннан кейін ғана мүмкін болатынын түсіндірген.

"Менде қолданыстағы қазақстандық сақтандыру бар, шығынды өтеу мәселесі бойынша сақтандыру компаниясына хабарластым. Олар маған алдымен сот шешімін күту керек екенін, содан кейін ғана сақтандыру төлемдері жүргізілетінін айтты. Екінші нұсқа - тараптардың татуласуы. Ондай жағдайда сот процесі қысқаруы немесе тезірек аяқталуы мүмкін. Бірақ мен бұл жүйені жақсы білмеймін. Бізде татуласу туралы әңгіме болды. Онда маған шамадан тыс, жинай алмайтын сома айтылды", - деді Дитер Эдвин Альбрехт.


Шетелдік азамат көптеген адам оны әлем шарлап жүргені үшін дәулетті деп қате ойлайтынын, алайда қаржылық мүмкіндігі шектеулі екенін атап өтті. Дитер Альбрехттің айтуынша, ол ондаған елді аралаған адам бейнесіне қарамастан, тек негізгі шығындарға ғана жететін табысқа күн көріп келеді. Осыған байланысты талап етілген өтемақы сомасы оның қалтасына ауыр тиген - оның сөзінше, әңгіме 10 миллион теңгеден астам қаражат туралы болған.

"Көлік маған тиесілі емес - оны жалға алғанмын. Германияда жағдайым жақсы, кедей емеспін, бірақ бай да емеспін. Маған отбасымнан мұраға жеке үй қалды. Барлық салықтар мен міндетті шығындарды төлегеннен кейін айына өмір сүруге шамамен 400–500 еуро қалады. Сондықтан 10 миллион теңгеден асатын сома мен үшін тым көп. Мұндай өтемақы Қазақстан үшін әділ әрі қалыпты ма, жоқ па, оны білмеймін. Мен мұндай ақшаны төлей алмаймын. Сондықтан сот басталғанша осында екі айға қаламын", - деді Дитер Эдвин Альбрехт.

"Нива" жүргізушісі телефон арқылы сөйлескенде бастапқыда өтемақы ретінде 10 миллион теңге сұрағанын растады. Бірақ кейінірек, оның айтуынша, соманы екі есеге азайтқан. Соған қарамастан, тараптар әзірге ортақ шешімге келген жоқ.
Қалыптасқан жағдайға қарамастан, неміс саяхатшысы Қазақстанның құқық қорғау органдарының жұмысына көңілі толатынын айтады.

"Жазаға тартылатынымды түсінемін. Германияда да дәл осылай болар еді. Мен тағайындалған айыппұлды төлеймін, ал зардап шеккен адам қазақстандық сақтандыру компаниясынан тиісті өтемақысын алады. Осымен бәрі бітеді. Ол кісінің әйелі үнемі: "Менің төлейтін кредитім бар. Күйеуімнің де төлейтін кредиті бар", - деп айта берді. Бірақ бұл кредиттердің жол-көлік оқиғасына қандай қатысы бар?" - дейді шетелдік азамат таңданысын жасырмай.

Уақытша баспанаға айналған автоүй
Апаттан кейін саяхатшы өзінің уақытша үйіне айналған тұрғын модулінде тұрып жатыр. Алға тұрғындары шетелдікке қолдау көрсетіп, азық-түлік әкеліп тұратындарын айтады. Неміс азаматының хикаясы шағын қалаға тез тарап кетті. Жергілікті белсенділер мен ұйымдардың бірінің қызметкерлері де көмекке келіп, оған уақытша баспана мен душ, тамақ сияқты қажетті жағдайларды жасап, сотты алаңсыз күтуге мүмкіндік берді.


"Бұдан ешкім сақтандырылмаған. Оны ешкім мазаламауы үшін жабық аумаққа алғымыз келді. Сөйтіп, оны мекемеміздің ауласына көшірдік. Мұнда душ, дәретхана бар. Ыстық тамақпен көмектесіп жатырмыз. Кеше қуырдақ бердік", - деді Алға газ шаруашылығының директоры.

"Маған қарағанда бұл отбасыға көмек көбірек қажет"
Өзінің басындағы жағдайға қарамастан, Дитер Эдвин Альбрехт ол үшін басты мәселе ЖКО салдарынан зардап шеккен адамдардың жағдайы екенін айтады. Ол өзінен гөрі солар үшін көбірек уайымдайтынын атап өтті.
Фото Tengrinews.kz
Неміс саяхатшысының Алғадағы хикаясы әлі аяқталған жоқ. Алда тараптардың жауапкершілік деңгейі мен шығынды өтеу тәртібін анықтайтын сот талқылауы тұр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus