Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Көр де байы“: Қызылордада қаржы пирамидасын ұйымдастырушы сотталды

Қызылордада "WornerBros" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған адамға қатысты үкім шықты. Толық мәліметті Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болды?
Мәліметтерге сәйкес, ұйымдастырушы азаматтарды WornerBros платформасы арқылы қысқа бейнероликтер мен фильмдер көргені үшін табыс табуға уәде беріп, қаржы пирамидасына тартқан.
Қатысушыларға рефералдық сілтеме арқылы платформаға тіркеліп, құны 10 мыңнан 11 миллион теңгеге дейінгі VIP-пакеттердің бірін сатып алу ұсынылған. Ол үшін күніне 735 мың теңгеге дейін пайда табуға уәде берілген.

"Әрбір жаңа қатысушы үшін бонус төленіп отырған, бұл азаматтарды жүйеге тұрақты түрде тартуға ынталандырған. Схеманы насихаттау үшін WhatsApp топтары, әлеуметтік желілердегі жарнамалар және үгіт-насихат кездесулері пайдаланылған", - деп хабарлады ведомство.

Сот шешімі
Тергеу барысында салымшылардың ақшасын жинақтау және транзиттеу үшін пайдаланылған криптоәмияндар анықталды.

"Сот санкциясы бойынша, 3 миллион USDT сомасындағы криптоактивтерге тыйым салынды. Сот сотталушыны кінәлі деп танып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Сондай-ақ 24 жәбірленушінің азаматтық талап арыздары қанағаттандырылды", - деп мәлімдеді ҚМА өкілдері.

Үкім заңды күшіне енгені нақтыланады.
Еске салайық, 2024 жылдың күзінде Алматыда Warner Bros деп аталатын қаржы пирамидасының ұйымдастырушысына үкім шыққан болатын. Сот үкімімен оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus