Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда қоқысты ЖИ-мен “жинауға“ қатысты дау: қызметкер жұмысынан айырылды

Алматының Бостандық ауданында көшені "жинау" үшін жасанды интеллектіні пайдаланғандардың қалай жазаланғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tengri Life.
Кімдер жазаланды?
Бостандық ауданының әкімдігі қызметтік тексеру жүргізілмегенін хабарлады: Левитан көшесіндегі (№125 мектепке қарама-қарсы) тазалық жұмыстарының "инновациялық" әдісінің авторы бәрін өзі мойындаған.

"Левитан көшесіндегі (№125 мектепке қарама-қарсы) тазалық жұмыстарының жасанды интеллект көмегімен өңделген фотосуреттеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізу мәселесі бойынша мынаны хабарлаймыз: аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізу талап етілмейді, өйткені мемлекеттік қызметші жіберілген құқықбұзушылықты мойындады", - деп хабарлады ведомство.

Осыдан кейін қызметкермен еңбек қатынастары тоқтатылды.

"Сонымен қатар бұл адаммен еңбек шарты бұзылды, соған байланысты оның мемлекеттік органмен қызметтік қатынастары тоқтатылды", - деп толықтырды әкімдіктегілер.

Аудан әкімдігі бұдан былай тергеу жүргізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.

"Тәртіптік теріс қылық жасау мән-жайларын анықтауға және мемлекеттік қызметшіні тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселесін қарауға бағытталған қызметтік тергеу мақсаттары бұл жағдайда бұдан былай іске асыруға жатпайтынын ескере отырып, қызметтік тергеуді тағайындауға және жүргізуге негіз жоқ. Осыған байланысты мәселе шешілген деп есептеледі және қосымша қызметтік процедураларды қажет етпейді", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Оқиғаның мән-жайы
Еске сала кетейік, мамырда Алматы тұрғыны Бостандық ауданының әкімдігі көше "тазалау" үшін жасанды интеллектіні пайдаланды деп күдіктеніп, желіде жазба жариялаған.
Жазба желіде тез тарап, 100 мыңға жуық қаралым жинады. Пайдаланушылар әлеуметтік желі суреттердің бірін жасанды интеллект көмегімен жасалған немесе өңделген деп белгілегенін байқап қалған.
Бұдан бөлек, пікір қалдырушылар "дейін" және "кейін" кадрларындағы оғаштықтарға: көлеңкелердің бірдейлігіне, ракурстың сәйкестігіне және суреттердегі күмәнді ұқсас бөлшектерге назар аударды.
Скриншот: Threads
Кейін әкімдік қызметтік тергеу басталғанын, ал аумақты жинауға жауапты мердігер компания ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады. Жаза түрі нақтыланбады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus