Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Түркістан облысында жаңа прокурор тағайындалды

Түркістан облысында жаңа прокурор тағайындалды. Мемлекет басшысының келісімімен, Бас прокурордың бұйрығымен бұл лауазымға 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Бауыржан Мырзакеров тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бауыржан Мырзакеров еңбек жолын Қапшағай гарнизоны әскери прокурорының көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Сарыөзек, Өскемен және Қапшағай гарнизондарының әскери прокуроры, Бас әскери прокурордың орынбасары, Павлодар облысы прокурорының орынбасары, Бас прокуратура қызмет бастығының орынбасары, қызмет бастығы, сондай-ақ елорда прокуроры лауазымдарын атқарды.

2022 жылдың мамыр айынан бастап Қарағанды облысының прокуроры лауазымында қызмет етті.

Қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны үшін I және II дәрежелі "Даңқ" ордендерімен марапатталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Еске сала кетейік, өткен аптада Жамбыл облысының прокуроры тағайындалды. Бұл лауазымға аға әділет кеңесшісі Жандос Әбдібаев келді. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында да прокурор ауысты. Бұл қызметке бұған дейін Павлодар облысында жұмыс істеген Ержан Дүйсекенов тағайындалды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда Бас прокурор мен облыс прокурорларына жаңа өкілеттіктер берілмек

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus