Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сарапшы жеткілікті шектің өсуіне қатысты пікір білдірді

Саяси шолушы Ғазиз Әбішев зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегінің өсуіне қатысты пікір білдірді. Ол бұл туралы Telegram-арнасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Зейнетақы қаражаттарын пайдалану мүмкіндігі – яғни бір жағынан, болашақтағы ақшаны несие төлеуге жұмсау – бұл қаражатты құрылыс компанияларына беру. Осы компаниялар нарық сұранысына қарамастан құрылыс көлемін сақтап отыр.

"Екінші жағынан, кей адамдар өз зейнетақы жинағын алып, оны қазіргі шығындарына жұмсайды. Бірнеше жыл өткен соң олар бұл әрекетті өз еркімен жасағанын ұмытып та қалады. Сондықтан мемлекетке зейнетақы талап еткенде олар "мен осы ел үшін ұзақ жыл еңбек еттім, сол себепті лайық зейнетақы беріңдер" деп айта береді. Ал "сіз өз еркіңізбен зейнетақыңызды алдыңыз" деген аргумент сол кезде шенеуніктер үшін аса мықты дәлел болмайды", - деп жазды ол.

Сарапшының айтуынша, қартайғанда кедей болу қаупі жоқ бай адамдар, егер жинағы жеткілікті болса, зейнетақы қаражатын пайдалана алады. Ал шектің өсуіне байланысты бұл мүмкіндіктен айырылған адамдар көбіне өздерінің зейнетақы тұрақтылығы үшін қауіп төндіретін жағдайға түсіп отыр.

"Мұнайдан түсетін рента азайып барады, экономикалық болашаққа қатысты сұрақтар туындап отыр. Мемлекет зейнетақымен барлық азаматы қамтамасыз ете алады ма? Бұл - үлкен мәселе. Сол себепті жинақ басты рөл атқарады. Зейнетақы қаражатын жасанды түрде кейбір стратегиялық емес салаларды қолдауға жұмсап, болашақ зейнеткерлердің қаржылай тұрақтылығын төмендету – дұрыс шешім емес. Бұл қаражатты сенімді қорлар, басқа ұзақмерзімді активтер немесе маңызды стратегиялық жобаларға ақылмен салған әлдеқайда тиімді", - деп түйіндеді Ғазиз Әбішев.

Мән-жайы
Бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 2026 жылға арналған зейнетақы жинақтарын пайдаланудың ең төменгі жеткілікті шегін жариялады. Бұл - биылғы жыл ішіндегі екінші рет өсуі.
Енді зейнетақы жинағының артық бөлігін алу үшін 20 жастағы қазақстандыққа кемінде 6 670 000 теңге, 30 жастағы азаматқа – 9 750 000 теңге, ал 40 жастағы тұрғынға – 13 370 000 теңге керек.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus