Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Сәтпаев “Қайрат“ сапында соңғы матчін қашан өткізетінін айтты

"Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының вингері Дастан Сәтпаев "Челсиге" аттанбас бұрын, алматылық клуб сапындағы соңғы ойындарын 17 және 21 маусымда өткізетінін айтты, деп хабарлайды Tengri Sport блогер Артур Асқарұлына сілтеме жасап.
Дастан Сәтпаевтың сөзінше, оның "Қайрат" сапындағы соңғы кездесулері "Қызылжарға" қарсы ойындар болмақ.
– Маусымның соңында Алматымен қоштасып, Лондонға жол тартатының рас па?

"Үлкен ықтималдықпен солай, әзірге соңғы матчімді 17 немесе 21 маусымға жоспарлап отырмын. 17 маусымда үйдегі матчке 100 пайыз қатысамын", - деді Дастан блогерге берген сұхбатында.

17 маусымда алматылықтар футболдан Қазақстан чемпионатының кейінге қалдырылған 17-туры аясында өз алаңында "Қызылжарды" қабылдайды, ал 21 маусымда 14-тур аясында Петропавлға барады.
Шамасы, осыдан кейін 17 жасар вингер "Челсидің" маусым алдындағы дайындық жиындарына аттанып, жаңа жаттықтырушы Хаби Алонсоның қол астында жұмысын бастайды.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Артур Асқарұлы (@archibaaalt) жарияланымы


Дастан Сәтпаев "Челсиде": трансфер тарихы
Еске сала кетейік, Дастан Сәтпаевтың "Челсиге" ауысуы 2025 жылдың ақпанында рәсімделген болатын, бұл туралы алматылық "Қайрат" хабарлаған еді. Ол кезде Дастанның кәмелетке толғанға дейін Англияға ауыса алмайтыны туралы шарттар да айтылған болатын.
Бұдан бұрын Сәтпаевтың "Челсимен" келісімшартқа отырғаны туралы инсайдер Фабрицио Романо хабарлаған. Ол бұл трансферді ел тарихындағы рекордты көрсеткіш деп атады, Қазақстан клубтары бұған дейін өз тәрбиеленушісі үшін мұндай қомақты қаражат алып көрген емес.
Дастан "Қайраттың" жастар командасында ойнап жүргенде-ақ "Челси" скауттарының назарына ілігіп, 16 жасында ел чемпионатында негізгі құрам сапында дебют жасаған болатын.
Қазіргі уақытта Сәтпаевтың еншісінде Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі мен жалпы кезеңіндегі голдар, Қазақстан Премьер-лигасындағы 19 гол, екі чемпиондық титул және ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы мәртебесі бар.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

"Қайрат" ФК | FC Kairat Almaty (@f.c.kairat) жарияланымы


Бұған дейін Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасы сапына қосылып, Армения мен Мажарстанға қарсы алдағы жолдастық кездесулерге шақырту алған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus