Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Байланыссыз қалады”: депутат колониялар маңында тұратын тұрғындардың мәселесін көтерді

Түзеу мекемелері маңында тұратын қазақстандықтар байланыс пен интернетке байланысты қиындыққа тап болып отыр, ал кейбір қамаудағыларда мұндай мәселе жоқ. Бүгін Мәжілісте осы мәселені Ирина Смирнова көтерді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Смирнованың айтуынша, пенитенциарлық мекемелер ішінде мобильді байланыс пен интернетті бұғаттау – қылмыстық әрекеттерге, соның ішінде телефон және интернет алаяқтығына қарсы маңызды қадам. Алайда, оның сөзінше, бұғаттаудан түзеу колониялары орналасқан аудандардың тұрғындары зардап шегіп отыр.

"Бүгінде ҚАЖ-ға қарасты 60 мекеме елді мекендерде орналасқан. Маңайдағы тұрғындар ұялы телефондарын пайдалана алмайды, мемлекеттік қызметтерді ала алмайды, тіпті автобуста жолақысын төлей алмайды. Жалпы айтқанда, біреулер бостандықтан айырылса, енді біреулер байланыссыз қалды", - деді Смирнова.

Депутат заңнамада және келісімшарттарда жабдықтарды дұрыс баптау, радиожоспарлау карталарын ескеру және бұғаттау аймағының белгіленген шектен шықпауын қадағалау туралы талаптар бекітілгенін айтты. Алайда, Смирнованың сөзінше, іс жүзінде бұл талаптар орындалмай отыр. Бұдан бөлек, ескірген құралдар заманауи 5G стандартындағы байланысты мүлдем бұғаттай алмайды, деп толықтырды ол.

"Қызық жағдай қалыптасып отыр: қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі адамдарда озық гаджет болса, байланыс бұғатталған күннің өзінде жүйрік интернетке қол жеткізе алады, ал қарапайым арзан смартфон пайдаланатын маңайдағы тұрғындар цифрландырудан тыс қалып қойды", - деді депутат.

Депутат техникалық сипаттамаларға, келісімшарттар мен жабдықтарға қойылатын талаптарға ревизия жүргізуді, мердігерлер мен жеткізушілерді тексеруді, ал бұғаттау аймағының мекеме шекарасынан шығып кеткені расталған жағдайда тиісті шаралар қолдануды қажет деп санайды.
Сондай-ақ Смирнова ескірген бұғаттау құрылғыларын кезең-кезеңімен ауыстыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Мән-жайы
2025 жылы колонияларды ұстауға жұмсалатын шығын туралы жазған болатынбыз. Мекемелер тұрақты түрде ұялы байланысты бұғаттау жүйелерін сатып алады, ал мұндай құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуге орташа есеппен жылына 1 миллионнан 3 миллион теңгеге дейін жұмсалады.
Колонияларға телефондарды жасырын өткізу мәселесі де жаңалықтарда бірнеше рет көтерілді. 2023 жылы колонияда отырып, 2 жылдан астам уақыт бойы қазақстандықтарды алдап келген интернет-алаяқтың ісі туралы хабарланған болатын.
Тағы бір сотталушы өз барағына Starlink интернетін орнатып алған. Қылмыскер спутниктік интернет арқылы сырттағы есірткі бизнесін басқарып отырған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus