Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ғалымдар жаттығулардың тиімділігін арттыратын табиғи “энергетикті“ атады

Бал физикалық жүктеме кезінде энергияның тиімді табиғи көзі бола алады – бұл өнімнің әсері спорттық гельдермен және энергетикалық сусындармен бірдей. Бұл туралы The Conversation басылымына Англия Раскин университетінің физиология және тамақтану кафедрасының мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі Газета.Ru басылымына сілтеме жасап.
Балдың негізін көмірсулар – глюкоза мен фруктоза құрайды. Бұл қанттар ағзаға тез сіңіп, физикалық жүктеме кезінде белсенді жұмсалатын энергия қорын толықтыруға көмектеседі. Әсіресе бұл бұлшықеттер мен бауырдағы гликоген қоры таусылатын, ұзақтығы бір сағаттан асатын жаттығулар кезінде маңызды.

"Балдың ерекшелігі – оның құрамында қанттың екі түрі бірдей болады. Глюкоза мен фруктоза ішекте әртүрлі жолдармен сіңіріледі, соның арқасында ағза энергия алу үшін көмірсулардың көбірек мөлшерін бір мезгілде пайдалана алады. Бұл жұмыс қабілеттілігін сақтауға және шаршаудың алдын алуға көмектеседі", - деді Англия Раскин университетінің физиология және тамақтану кафедрасының аға оқытушысы Шарлотта Гауэрс.

Бір ас қасық балда шамамен 20 грамм көмірсу бар – бұл көптеген спорттық энергетикалық гельдермен бірдей. Мамандар жаттығу алдында бір-бір жарым қасық бал тұтыну энергия қорын толықтыруға, әсіресе таңертеңгі спортпен шұғылдану кезінде жақсы көмектесетінін атап өтті.
Ғалымдар ең айқын әсерді ағзаның қалпына келу кезеңінде тіркеді. Жаттығудан кейін бал негізіндегі сусындар қандағы глюкоза деңгейін сақтауға және энергия қорын тезірек толтыруға септігін тигізген.

"Тәжірибелердің бірінде жүгірушілер бал тұтынғаннан кейін, екінші жаттығуда біріншісімен салыстырғанда шамамен 10 пайызға артық қашықтықты жүгіріп өткен", - деп атап өтті мамандар.

Мамандар балдың спорттық нәтижелерді арттыратын сиқырлы құрал емес екенін, бірақ ол коммерциялық энергетикалық өнімдерге қолжетімді табиғи балама болып, ағзаның жүктемеден кейін тезірек қалпына келуіне көмектесетінін айтады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus