Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жасөспірімдерді онлайн-ойындар арқылы қауіпті схемаларға тартады: ІІМ ескерту жасады

Қазақстан ІІМ жасөспірімдерді банктік карталар арқылы заңсыз қаржылық операцияларға тарту схемасы туралы ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, алаяқтар көбіне мессенджерлер, әлеуметтік желілер немесе онлайн ойындар арқылы байланысқа шығады. Қаскөйлер "оңай олжа" ұсынады: банк картасына ақша аударымын қабылдап, оны ары қарай жіберу немесе белгілі бір пайызды өзіне қалдырып, қолма-қол ақшаға айналдыру. Іс жүзінде бұл "дроптар" деп аталатын - шоттары арқылы ақша өтетін делдалдарды пайдаланумен ұрланған қаражатты жылыстататын схема.
ІІМ мұндай операцияларға бір рет қатысудың өзі банктік шоттардың бұғатталуы, банктермен және құқық қорғау органдарымен түсінісу, сондай-ақ бұл процеске ата-аналардың тартылуы сияқты ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.
ІІМ банктік карта мәліметтері мен мобильді қосымшаларға рұқсатты үшінші тұлғаларға бермеуге, ақша аударымдары арқылы табыс табу туралы күмәнді ұсыныстарға келіспеуге және кез келген күдікті жағдайда ата-анаға немесе басқа да сенімді ересек адамдарға хабарласуға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін ІІМ қазақстандықтар мен ата-аналарға мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттардың алаяқтық схемаларға пайдаланылу жағдайлары туралы ескерту жасады.
Ведомство мәліметінше, жасөспірімдер сыйақы үшін сим-карталар мен аккаунттарды тіркейді, олар кейіннен қаскөйлердің азаматтарды алдауы үшін пайдаланылады. Полиция мұндай әрекеттер қылмыс жасауға жәрдемдесу ретінде саралануы мүмкін екенін еске салды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus