Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Бүкіл ел бойынша дәрігерлер пациенттердің ауру тарихын көре алады - Денсаумин

Қазақстанда барлық медициналық ақпарат жинақталатын бірыңғай цифрлық денсаулық сақтау жүйесін құру жұмыстары жалғасып жатыр. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігі динамикалық мониторингтің жаңа форматы - "Цифрлық бақылау картасын" енгізуді жоспарлап отыр. Бұл дәрігерлерге пациенттің қай өңірде қаралуына қарамастан, оның ауруханаға жатқызылу тарихын, тағайындаулары мен рецептілерін көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды TengriHealth.
Не болды?
Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Нұршат Сарыбек денсаулық сақтау жүйесі әртүрлі цифрлық шешімдерден бірыңғай экожүйеге көшкенін хабарлады.
Қазіргі уақытта ол 21 мыңнан астам медициналық ұйымды, 275 мың медицина қызметкерін және 141 мыңға жуық медициналық техника бірлігін біріктіреді.

"Біз үзік-үзік автоматтандыру кезеңінен біріңғай цифрлық денсаулық сақтау экожүйесін құруға көштік. Бүгінде саланың басқару принциптерін түбегейлі өзгертетін аса маңызды платформаларды енгізудің нәтижелерін көріп отырмыз", - деді Сарыбек.

Ауруханаға жатқызу және қаралу тарихы: цифрлық мониторинг
Нұршат Сарыбек елде пациенттерді динамикалық бақылаудың жаңа форматы енгізіліп жатқанын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда цифрлық мониторингпен 3,6 миллион адам қамтылған.

"Цифрлық бақылау картасы" дәрігерге пациенттің қай өңірде медициналық көмекке жүгінгеніне қарамастан, оның ауруханаға жатқызылу тарихын, тағайындаулары мен рецептілерін көруге мүмкіндік береді", - деп түсіндірді маман.

Цифрландырудың тағы бір бағыты - ана мен бала денсаулығын бақылау болды. Жүйеде мына топтар үшін цифрлық профильдер жасалған:

6,8 миллион бала,
4,8 миллион әйел.

Мониторинг 80 сындарлы көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

"Сондай-ақ жүкті әйелдің алмасу картасы eGov Mobile арқылы қолжетімді болды", - делінген хабарламада.

Спикер цифрлық трансформацияның келесі кезеңі Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйені іске қосу болатынын атап өтті. Бұл жүйе дәрігерлерді жұмыс істеуге арналған бірыңғай интерфейспен және AI-ассистентпен қамтамасыз етеді.
Платформаға 1 900-ден астам медициналық ұйымды қосу жоспарланған, бұл жекеменшік медициналық ақпараттық жүйелерден біріңғай мемлекеттік платформаға біртіндеп көшуді көздейді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus