Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандық хоккейшінің жары ойыншының жаңа келісімшарты туралы пікір білдірді

"Барыс" капитаны және хоккейден Қазақстан құрамасының ойыншысы Кирилл Савицкийдің жұбайы күйеуінің жаңа келісімшартсыз қалғанына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport әлеуметтік желілерге сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерді белсенді жүргізіп, жұбайына қолдау көрсетіп жүретін Ксения Савицкая Кириллмен әлі жаңа келісімшарт жасалмағаны туралы жаңалықтан кейін жанкүйерлерді сабырға шақыруға тырысты.
Оның айтуынша, хоккейші дәл қазір команда ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ.

"Ұйқыдан оянсам, сіздерден көптеген хабарлама келіпті. Бізде қолданыстағы келісімшарт шынымен аяқталды. Қазір келіссөздер жүріп жатыр, шешімдер қабылданып жатыр. Біз әлі кеткен жоқпыз және "Барыстан" ешқайда кетпейміз де. Достар, ресми жаңалықтарды күтіңіздер", - деп мәлімдеді ол әлеуметтік желіде.

Еске сала кетейік, 1 маусымда Құрлықтық хоккей лигасы шектеусіз еркін агенттер тізімін жариялаған болатын, оған "Барыстың" бірден 23 ойыншысы енді.
Келісімшартсыз қалған ойыншылардың арасында команда капитаны Кирилл Савицкий мен клуб аңызы Роман Старченко бар.
Клуб тізімдегі барлық ойыншыларға қатысты мәлімдеме жасады, бірақ келісімшартты ұзарту бойынша келіссөздер жүріп жатқан спортшылардың аты-жөнін нақтыламады.

"Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін "шектеусіз еркін агент" мәртебесінде жүрген кейбір ойыншылармен клуб келіссөздерді жалғастырып жатыр", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Кирилл Савицкий мен оның жұбайы - лигадағы басты хоккейлік жұптардың бірі
Кирилл мен Ксенияның 13 жылдан бері бірге. Олар 2019 жылы некелерін ресми түрде қиды. Ол кезде Савицкий әлі өскемендік "Торпедоның" ойыншысы болатын.
"Барыспен" келісімшартқа отырғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң, жұптың ұлы дүниеге келді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ксения Савицкаяның жарияланымы | lifestyle blogger (@xeniyasava)


Ксения Савицкая - әлеуметтік желілерді белсенді жүргізетін және хоккейшінің Қазақстандағы өмірінен сәттерді көрсетіп отыратын блогер. Қазіргі таңда оның Instagram-дағы оқырмандар саны күйеуінің оқырмандарына қарағанда көп.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Ксения Савицкаяның жарияланымы | lifestyle blogger (@xeniyasava)

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus