Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Ақшаны шығарып алудың қажеті жоқ“. Министр зейнетақы жинақтары туралы пікір білдірді

Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев азаматтардың зейнетақы жинақтары еркін алуға арналмағанын, керісінше, олар зейнетке шыққаннан кейін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мән-жайы
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін есептеу әдістемесін өзгерту туралы қаулыға қол қойған болатын. Мәселе болашақ зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) шотында сақталуы тиіс сома туралы болып отыр. Ал шекті деңгейден асатын қаражатты қазақстандықтар, мәселен, баспана сатып алуға немесе емделуге пайдалана алады.
Жаңа әдістемеге сәйкес, есептеу кезінде жас мөлшері, өмір сүрудің болжамды ұзақтығы, ең төменгі зейнетақы мөлшері, болашақ жарналар, инвестициялық кірістілік және басқа да параметрлер ескеріледі.
Қазақстандықтар БЖЗҚ жаңа жеткілікті шегін есептеп көріп жатыр
Еңбек министрі не дейді?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ведомство ұстанымы бойынша зейнетақы шоттарындағы қаражат мерзімінен бұрын алынбауы тиіс екенін атап өтті.

"Тағы бір мәрте айтып өтейін. Министрліктің ұстанымы - зейнетақы шоттарынан ақшаны шығарып алудың қажеті жоқ. Бұл шоттар азамат зейнетке шыққанда өзін лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуі үшін арналған", - деді Ертаев үкіметте өткен брифингте.

Ол бұл жерде зейнеткерлердің тұрғылықты аймағы мен мамандығына қарамастан, олардың сатып алу қабілетін сақтау туралы сөз болып отырғанын түсіндірді.

"Лайықты зейнетақы деген не? Ол ауылда немесе қалада тұрса да, оның сатып алу қабілеті өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуі керек. Оның кім болып жұмыс істегеніне - жұмысшы, маман немесе басшы болғанына қарамастан, зейнетақы шоттары жинақталуы тиіс", - деп қайталады министр.

Ертаевтың айтуынша, мемлекеттің зейнетақы жинақтарын пайдаланудың қазіргі тетіктерін шектеу жоспары жоқ, алайда олардың жинақтаушы функциясы басымдық болып қала береді.
Реформа және жеткілікті шек туралы
Ертаев әдістемені қайта қарау туралы шешім бұрын қабылданғанын, ал реформаның өзі ең төменгі жеткілікті шекті арттыруға бағытталғанын еске салды.

"Реформа жүргізіліп жатыр. Шекті мәндер көтеріледі. Бұны бұған дейін де айтқан болатынмын: үкімет отырысында қаулы қабылданды, енді қор көрсеткіштерді қайта есептеуі тиіс", - деді ол.

Сондай-ақ министр зейнетақы жинақтарын ішінара алу тетігі уақытша шара ретінде енгізілгенін атап өтті.

"Бұл тетік пандемия кезеңінде енгізілген болатын және көптеген елде тоқтатылған. Болашақта азаматтар бұл қаражатты зейнетке шыққанда пайдаланады", - деп толықтырды Ертаев.

Бұған дейін министр БЖЗҚ-да жаңа жеткілікті шек қашан белгілі болатынын айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus