Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда әскерге шақыру жоспары мерзімінен бұрын орындалды

Қазақстанда Қарулы күштерге, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне көктемгі шақыру жоспары толық көлемде орындалды. Қазіргі уақытта өңірлердегі шақыру комиссиялары Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтауды жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Шақыру науқаны қалай өтіп жатыр?

Көктемгі шақыру науқаны Қазақстанда Президент жарлығына сәйкес 2026 жылдың 17 наурызы мен 30 маусымы аралығында өткізіледі.

Бас штабтың мәліметінше, жаңадан келген сарбаздардың басым бөлігі жас жауынгер курсын аяқтап үлгерді. Олар жалпыәскери жарғыларды оқып, саптық және атыс дайындығынан өтті, қару-жарақпен танысып, Әскери ант қабылдаған.

Бастапқы оқу аяқталғаннан кейін әскери қызметшілер қызмет атқару орындары бойынша міндеттерін орындауға кіріскен.

7 мыңнан астам адам Ұлттық ұланға жіберіледі

Қазіргі уақытта қалалық және аудандық шақыру комиссиялары жұмысын жалғастырып жатыр. Негізгі назар Ұлттық ұлан бөлімшелерін жасақтауға аударылып отыр. Жоспарға сәйкес, оның қатарына 7 мыңнан астам жас қазақстандық шақырылуы тиіс.

Шақыру қағаздары SMS және eGov арқылы жолданады

Шақыру қағаздары келу мерзіміне кемінде үш күн қалғанда SMS-хабарламалар және eGov порталы арқылы электронды форматта жолданады.

Электрондық хабарлама ресми шақыру қағазы мәртебесіне ие. Хабарлама алған азаматтар шақыру пунктіне келуге міндетті.

Дәлелді себептерсіз келмеу әкімшілік жауапкершілікке, ал әскери қызметтен жалтару қылмыстық жазаға әкеп соғуы мүмкін.

Әскери қызметшілерге арналған жеңілдіктер

Қызмет өткеру кезінде несиесі бар шақырылушылар төлемдерді кейінге қалдыруды рәсімдей алады. Бұдан бөлек, көптеген сарбаз запасқа шыққаннан кейін мемлекеттік білім беру гранттарын алу конкурсына қатысуды жоспарлап отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus