Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

+46 градусқа дейін аптап: Қазақстанда 2026 жылдың маусымы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылдың маусымына арналған консультативтік ауа райы болжамын ұсынды. Елдің басым бөлігінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан 1–2 градус жоғары болады деп күтіледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Температура климаттық нормадан асады
"Қазгидромет" мәліметінше, елдің батысында температуралық фон орташа есеппен норма шамасында сақталса, қалған өңірлерде көпжылдық көрсеткіштерден жоғары болады деп болжанады.
Оңтүстік және орталық аймақтарда кейбір кезеңде +40…+46 градусқа дейін қатты ыстық болуы мүмкін.
Маусым басындағы тұрақсыз ауа райы
Бірінші онкүндікте Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен соған байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің өтуінен ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша найзағай ойнап, бұршақ жауады және екпінді жел соғып, өткінші жаңбыр жауады деп күтіледі, Қазақстанның солтүстік-батыс жартысында кей уақытта нөсерлетуі мүмкін. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік-батысында кей күндері шаңды дауыл тұрады деп болжанады.
Ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі:

елдің батысы мен оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысында түнде +6...+12 градустан +13...+22 градусқа дейін, күндіз +15...+25 градустан +27...+32 градусқа дейін жылиды;
республиканың оңтүстік-батысында +35 градусқа дейін барады.

Ауа температурасының ауытқуы келесідей болжанады:

республиканың солтүстігінде, Қостанай облысында түнде +11...+16 градустан +15...+20 градусқа дейін, күндіз +21...+26 градустан +28...+33 градусқа дейін;
елдің оңтүстігінде түнде +17...+25 градустан +13...+18 градусқа дейін, күндіз +33...+40 градус ыстықтан +23...+31 градусқа дейін төмендейді. Ал елдің оңтүстік-шығысында ыстық біртіндеп +33...+38 градустан +20...+27 градусқа дейін бәсеңдейді деп күтіледі.

Онкүндіктің басында республиканың шығысы мен орталығында күндіз ауа температурасы +33...+39 градусқа дейін қатты ысыйды. Дегенмен, қалған уақытта негізгі температуралық фон түнде +13...+20 градус, күндіз +25...+33 градус шамасында болады.
Маусымның екінші жартысында жаңбыр мен найзағай күтіледі
Маусымның екінші және үшінші онкүндіктерінде аптап ыстық мезгіл-мезгіл салқын әрі жаңбырлы күндерге ауысады. Жауын-шашын кезінде найзағай ойнап, жел күшейіп, жекелеген аудандарда бұршақ жауып, шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Температуралық режим де тұрақсыз болады:

Қазақстанның батысы, солтүстігі, орталығы және шығысында ауа температурасы түнде +8...+18 градустан +15...+25 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +35...+39 градус ыстыққа дейін өзгереді;
елдің орталығында +42 градусқа дейін өте қатты ыстық болады;
Қазақстанның оңтүстігінде температура түнде +14...+23 градустан +20...+28 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +34...+40 градусқа дейін ауытқиды, кей күндері +40...+46 градусқа дейін өте қатты аптап болады.

Тағы оқыңыз: Алдағы күндері Қазақстанда нөсер жауады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus