Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақмола облысында көкпар кезінде аттан құлаған жасөспірім көз жұмды

Ақмола облысында көкпар ойыны кезінде 14 жастағы жасөспірім аттан құлап, көз жұмды. Қайғылы оқиға Рахымжан Қошқарбаев ауылында болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, бала ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда қайтыс болған.
Жергілікті әкімдік өкілдері жарысты тұрғындардың өздері ұйымдастырғанын, шара әкімдікпен келісілмегенін мәлімдеді. Ал облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл оқу-жаттығу жиыны аясында өткізілген жеке ойын болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қайтыс болған жасөспірім де, өзге қатысушылар да ресми спорт секцияларында тіркелмеген. Сондай-ақ бұл шара мемлекеттік спорт ұйымдарының жоспарына кірмеген.
Қазір жергілікті билік марқұмның отбасына көмек көрсетіп жатыр.
Өңірлік полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың өліміне байланысты тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу барысында жаттығуды ұйымдастырушылар мен қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", – деді полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.


Бұған дейін Қазақстанда сәтсіз ат серуенінен кейін азамат 12 миллион теңге өтемақы өндіріп алғаны хабарланған еді. Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында жылқы әйелдің бір саусағын тістеп алып, екіншісін қатты жарақаттаған оқиға болған. Бұл жағдай Қызылжар ауданы Бескөл ауылындағы ипподромда тіркелген.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus