Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ертіс жағадан қайтты: Семей тұрғындары өзеннің жай-күйіне алаңдаулы

Семей тұрғындары Ертіс өзені деңгейінің күрт төмендегенін айтып, алаңдаушылық білдіріп жатыр. Әсіресе Бейбітшілік аралы маңындағы Семипалатинка тармағы қатты тартылып қалған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Қала тұрғындарының сөзінше, Бейбітшілік аралына апаратын көпірдің асты бұрын жаз мезгілінде демалушылар жиі келетін орын болған. Бірнеше жыл бұрын бұл жерде су терең болып, тұрғындар өзен тармағын жүзіп өтетін. Ал қазір ол жерден жаяу өтуге болады.
Семейліктер мұндай жағдайды алғаш рет көріп тұрғанын айтады. Олар судың одан әрі тартылуы өңір экологиясына ғана емес, Ертістің табиғи келбетіне де әсер ете ме деп қауіптенеді.

"Судың тартылғаны, әрине, жақсы емес. Өзеніміз біреу ғана, осы суды ішеміз, осында демаламыз. Бұрын шағалалар да көп болатын, қазір олар да көрінбейді. Ертіс кішірейіп кеткендей. Бұл экологияға зиян. Адамдардан бөлек, суға мұқтаж жануарлар мен балықтар бар. Мұның бәрі соларға да әсер етуі мүмкін", – дейді тұрғындар.

Ертіс бассейндік инспекциясы өзен деңгейінің төмендеуін бірнеше себеппен байланыстырады. Мамандардың айтуынша, Ертістегі судың негізгі бөлігі Шығыс Қазақстан облысының тауларынан бастау алатын жергілікті ағындар, шағын өзендер мен салалар арқылы жиналады. Биыл тасқын әлсіз болғандықтан, өзенге келетін су көлемі азайған.
Бұдан бөлек, көктемде Павлодар облысындағы жайылмалар суландырылған. Қазір Шүлбі гидроэлектр станциясы су жинау режимінде жұмыс істеп жатыр.

"Жыл сайын Шүлбі су қоймасы тасқынның үшінші толқыны есебінен толады. Алайда биыл табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жанама салалардан келіп жатқан су көлемі өткен жылдармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Осыған байланысты Шүлбі су қоймасы маусым айының ортасына қарай толады деп күтілуде. Содан кейін су қоймасы транзиттік режимге көшеді", – деді Ертіс бассейндік су инспекциясының басшысы Медет Жәдігерұлы.

Бірнеше күн бұрын Шүлбі су қоймасынан жіберілетін су көлемі секундына 650 текше метрге дейін арттырыла бастаған. Соның нәтижесінде Ертістегі су деңгейі 12 сантиметрге көтерілді.
Мамандар алдағы тәулікте су деңгейі тағы көтеріледі деп отыр. Демек, өзен біртіндеп қалыпты деңгейіне келе бастауы мүмкін.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus