Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Анджелина Джоли мен Брэд Питттің ұлы әкесінің тегінен бас тартты

Анджелина Джоли мен Брэд Питттің ұлы әкесінің тегінен ресми түрде бас тарту туралы шешім қабылдады. Сөз бұрынғы ерлі-зайыптының үлкен ұлы Мэддокс туралы болып отыр, деп хабарлайды Tengri Life тілшісі TMZ басылымына сілтеме жасап.
Не болды?
Басылымның мәліметінше, Мэддокс тегін ауыстыруға құжат тапсырған.

"Мэддокс есімін ресми түрде өзгерту туралы өтініш білдіріп, құжаттарын өткізді. Атап айтқанда, ол тегінен "Питт" деген бөлікті алып тастап, "Мэддокс Чиван Джоли" деп өзгертпек", - делінген жарияланымда.

Анджелина Джоли Мэддоксты 2002 жылы Камбоджада асырап алған еді. Төрт жылдан кейін, Джолимен қарым-қатынасы басталған соң, оны Брэд Питт те ресми түрде асырап алды.
Журналистердің айтуынша, Мэддокс көптен бері көпшілік алдында Питт тегін іс жүзінде қолданбайды. Осы жылдың ақпан айында Джоли түскен "Кутюр" фильмінің титрлерінде де ол әкесінің тегінсіз көрсетілген.












Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by TMZ (@tmz_tv)


Батыс БАҚ бұл шешімді актерлердің шулы ажырасуынан кейін отбасы ішінде басталған көпжылдық жанжалмен байланыстырады. Анджелина Джоли мен Брэд Питт арасындағы сот процестері сегіз жылға жуық уақытқа созылды.
Бұған дейін Питт тегінен ерлі-зайыптының қызы Шайло Джоли де ресми түрде бас тартқан болатын. 2024 жылдың тамызында оның өтініші сот дауысыз және қосымша тыңдауларсыз қанағаттандырылды.
БАҚ ақпаратына сүйенсек, ажырасудан кейін актердің балаларымен қарым-қатынасы айтарлықтай нашарлаған. Сондай-ақ баспасөзде Питттің қызының мектеп бітіру кешіне келмегені де талқыланған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus