Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан әлемдік аниме-локациялар картасына енді

Жапон анимациясы әлемді бағындырғалы қашан, бірақ культтік туындылардың авторлары өз кейіпкерлерін Қазақстанға жиі аттандыратынын білген бе едіңіз? Tengri Life редакциясы аниме-локациялар картасына нақты қай жерлер енгенін тексеріп көрді.
Бұл қандай карта?
Reddit пайдаланушыларының бірі қызықты сервис тауып алған, онда кез келген адам анимедегі оқиғаның орындарын тамашалай алады.

"Мен бұл туралы жаңа ғана білдім және бөліскенім дұрыс болар деп ойладым. Бұл – Anitabi ұсынған, көптеген анимелердегі локациялар жинақталған интерактивті карта. Мұнда аниме оқиғасы өткен бүкіл аймақты да, нақты жерді де көруге болады", - деді платформа қолданушысы.

Скриншот: reddit.com сайты
Habr мәліметінше, Anitabi - бұл анимедегі локацияларды Google Maps нақты картасына көшіретін интерактивті жоба. Оның көмегімен танымал сериалдар мен фильмдердің сюжеттері өрбитін вокзалдар, көшелер, дүкендер мен мектептердің нақты координаттарын табуға болады.Әлем бойынша мыңдаған нүкте белгіленген базаны қауымдастық өзі қолмен жинайды. Фанаттар мінсіз сәйкестікті табу үшін анимациядағы кадрларды көше панорамаларымен егжей-тегжейлі салыстырып жатады.Қазақстаннан қандай жерлер бар?
Біз Anitabi сайтындағы Қазақстан картасына көз жүгіртіп, елімізде аниме локациялары бар-жоғын білуді ұйғардық.
Сервистің деректеріне сүйенсек, ел аумағында әзірге бірнеше ғана локация көрсетілген:

"Мұздағы Юрий" (Yuri on Ice) анимесіндегі Алматы метросы;
"Доктор Стоун: Тас соғыстары" анимесіндегі Байқоңыр;
A Witch's Life in Mongol жапон комикстер сериясындағы қазақ ауылы;Metro Exodus ойынындағы Атырау мен Каспий теңізі.

Скриншот: w.anitabi.cn сайты

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus