Суперкамбэк жасаған Александр Бублик 300 миллиондық турнирдің жартылай финалына шықты
Бірінші сетте Бублик 5:7 есебімен есе жібергенімен, кейіннен жинақталып, камбэк жасады (6:4, 6:2) және 2:1 есебімен жеңіске жетті. Матч 1 сағат 54 минутқа созылды.
Осы уақыт ішінде Бублик 8 эйс жасап, 3 рет қос қателік жіберді және 3 брейк-пойнтты сәтті пайдаланды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tennis TV (@tennistv) жариялаған жазба
Осылайша, Александр Бублик турнирдің жартылай финалына жолдама алды, онда ол әлемнің 20-ракеткасы, америкалық Лёрнер Тьенмен кездеседі.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
ATP Tour (@atptour) жариялаған жазба
Еске сала кетейік, ATP Gonet Geneva Open турнирінің жүлде қоры 612 мың еуроны (335 миллион теңге) құрайды, оның ішінде жеңімпаз 93 мың еуро (51 миллион теңге) иеленеді. Өткен жылы бұл жарыста аңызға айналған сербиялық теннисші Новак Джокович топ жарған болатын.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Tennis TV (@tennistv) жариялаған жазба