Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Еуроға жаңаша іріктеледі: не өзгереді?

2028/2029 жылғы маусымнан бастап Еуропада құрамалар арасындағы екі турнир де: Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі де өзгереді. Tengri Sport тілшісі енгізілген өзгерістерді талдап, бұл Қазақстанның басты турнирлерге жолдама алу мүмкіндігіне қалай әсер ететінін анықтап көрді.

УЕФА-ның ресми сайтындағы ақпарат бойынша, 2028 жылғы Еуропа чемпионатынан кейін аймақтағы басты турнирге іріктеу жүйесі де, Ұлттар лигасы да толықтай өзгереді.

Еуро іріктеуі мен Ұлттар лигасының жаңа форматы: толық мәлімет

Егер қазір аймақтағы барлық құрама Ұлттар лигасында төрт лигаға бөлінсе, енді лигалар саны үшеу болады және олардың әрқайсысында алты командадан тұратын үш топ.

Оның үстіне олар жаңа жүйе бойынша ойнайды: төрт командамен бір матчтан (үйде немесе қонақта) және бір командамен екі матч (үйде және қонақта) өткізеді.

Фото: uefa.com

Сондай-ақ Еуропа чемпионатының іріктеу форматы да өзгереді – барлық команда Ұлттар лигасындағы көрсеткіштеріне байланысты екі лигаға бөлінеді: А және В топтарындағы 36 команда және қалғандары.

Бірінші лигадағы командалар 12 құрамнан тұратын үш топқа бөлінеді және тек жеңімпаздар ғана Еуроға тікелей жолдама алады. Қалғандары, соның ішінде екінші лига командалары, жолдаманы өтпелі матчтарда (стыковой) сарапқа салады.

Екінші лигадағы командалар (Қазақстан қазіргі таңда осы топқа жатады) алты командадан тұратын үш топқа және жеті командадан тұратын бір топқа бөлінеді. Еуропа чемпионатына жолдама беретін өтпелі матчтарға қатысу үшін дәл осы топта жеңіске жету қажет болады.

Фото: uefa.com

Айта кетейік, жаңа жүйе әзірге тек концепция ретінде ұсынылған, ал қыркүйек айында УЕФА-ның атқарушы комитетінде егжей-тегжейлі таныстырылады.

Бұл жүйеде Қазақстанның орны қандай және ол нені білдіреді?

Егер жаңа жүйе 2026/2027 жылғы маусымнан бастап күшіне енгенде, біздің команда Еуро іріктеуінің екінші лигасында және Ұлттар лигасының С дивизионында болар еді.

Яғни, бұрын Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Бельгия, Португалия немесе Норвегия сияқты жұлдызды командалармен міндетті түрде ойнайтын болса, енді олардың барлығы бізден лигалар арасындағы «қабырғамен» бөлінген.

Жанкүйерлер үшін бұл жағымсыз жаңалық болуы мүмкін – егер Қазақстан Ұлттар лигасының В дивизионына шыға алмаса, Мбаппе, Холланд, Роналду және Де Брюйне құрамалар матчы аясында бізге келмейді.

Екінші жағынан, енді біз тек өз деңгейіміздегі командалармен ғана күш сынасамыз, демек, топта жеңіске жетіп, өтпелі матчтарға шығуға мүмкіндігіміз артады.

ӘЧ-2026 іріктеуіндегі Қазақстан - Бельгия матчы. Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазақстан құрамасы ескі іріктеу жүйесінде Еуроға шығуға сәл ғана қалды

Еске сала кетейік, Қазақстан футбол құрамасы 2023/2024 жылғы маусымда өз тарихында ірі турнирге шығуға өте жақын болған еді. Магомед Адиев бастаған команда Ұлттар лигасының С дивизионында өз тобын жеңіп, өтпелі матчтарға қатысу құқығын иеленді.

Еуро-2024 іріктеуінде команда мықты Дания құрамасын жеңгенімен, турнир жолдамасын Словенияға беріп қойды. Нәтижесінде команда өтпелі кезеңнің 1/2 финалында ойнап, Грекиядан жеңіліп қалды және турнирге қатысу мүмкіндігінен айырылды.

2026/2027 жылғы маусымда команда қайтадан Ұлттар лигасының С дивизионында өнер көрсетеді.

Біздің қарсыластарымыз Словакия, Молдова және Фарер аралдары құрамалары болады. Жаңа жүйе бойынша бізге тағы да топ-құрамалар келуі үшін топта жеңіске жету керек.

Фото: © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus