Семей тұрғынының пәтерінен 10 КамАЗ қоқыс шығарылды
Пәтерден не табылды?
Тексеріске үй тұрғындарының өткір жағымсыз иіс, антисанитария және өрт қаупіне қатысты көптеген шағымы себеп болған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері зейнеткердің пәтері ұзақ уақыт бойы тұрмыстық қалдықтар мен қажетсіз заттарға толы болғанын анықтады.
Бұл жағдай адамның түрлі заттарды патологиялық жинап, олардан арыла алмайтын күйі - "Плюшкин синдромын" еске салды.
Ауқымды тазалау жұмыстары
Жұмыс барысында пәтерден 10 КамАЗға жуық қоқыс шығарылған. Полицияның мәліметінше, қоқысқа толған баспана тек үй иесіне ғана емес, көршілерге де қауіп төндірген.Өрт шығу, инфекция таралу және санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың бұзылу қатері жоғары болған.
Зейнеткермен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған әлеуметтік көмек ұсынылған.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Семей қ. ПБ | УП г.Семей (@policesemey) жарияланымы