300 мың теңге ұрлаған қазақстандық 19 жылдан кейін ұсталды
Ақмола облысында полицейлер осыдан жиырма жылдай бұрын жасалған ұрлықты ашты. Күдіктіні саусақ іздері арқылы табу мүмкін болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 2007 жылы Атбасарда болған ұрлықҚылмыс 2007 жылдың қарашасында Атбасар қаласында болған. Шаруа қожалығының иесі зардап шеккен.
Сол кезде гаражда тұрған көліктің ішінен 300 мың теңге ұрланған, бұл сол уақыттың өлшемімен алғанда қомақты сома еді.
Жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенімен, қылмыстың ізін суытпай күдіктіні анықтау мүмкін болмағанАйғақтар 20 жылға жуық сақталған
Криминалистер оқиға орнын алғашқы тексеру кезінде саусақ іздерін алып, оларды мәліметтер базасына енгізген.Ұзақ жылдар бойы қылмыстық іс ашылмай келген, алайда материалдар есепте сақталып тұрған.2024 жылдың көктемінде Атбасар жедел уәкілдері болжамды қылмыскердің жаңа ісінен кейін оның ізіне қайта түскен. Ер адам есірткі қылмысына қатысты полицияның назарына іліккен. Тергеу амалдары барысында одан қайтадан саусақ іздері алынды.
Тексеру нәтижесінде оның саусақ іздері осыдан 19 жыл бұрын ұрлық болған жерде қалған іздермен толық сәйкес келген. Ер адам кінәсін мойындаған.