Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әл-Фарабидегі үш адам қаза тапқан жол апатына қатысты іс сотқа түсті: отырыс күні белгіленді

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған резонанс тудырған жол апаты бойынша қылмыстық іс сотқа түсті. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Не болды?
Чернов мәліметтерді өзінің Instаgram-дағы парақшасында жариялады.

"Сотқа дейінгі тергеу аяқталды, ендігі кезек сотта. Ішкі істер министрі мен Президенттің тапсырмасы барынша қысқа мерзімде орындалды. Алдын ала сот отырысы 28 мамыр күні сағат 15:00-де Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында тағайындалды", – деп жазды адвокат.

Қалалық соттың баспасөз қызметі істің Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына түскенін растады. Десе де, сот процесінің тыңдаушылар үшін ашық болатын-болмайтыны нақтыланбады.
ПД бастығы орынбасарының жүргізушісіне қатысты іс не болды?
Бұған дейін біз негізгі іспен қатар полиция қызметкерінің әрекетсіздігіне байланысты екінші қылмыстық іс тергеліп жатқанын жазған едік.
Еске сала кетейік: 26 наурызда ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев Алматы полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
12 мамырда Ішкі істер министрлігі редакцияның сауалына берген жауабында тергеудің аяқталуға жақын екенін және іс жақын арада сотқа берілетінін хабарлаған болатын.

"Күдіктіге қатысты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталу сатысында және жақын арада сотқа жолдау жоспарлануда", – деп хабарлады ведомство.

ІІМ "анықталған кемшіліктерге байланысты" келесі тұлғалардың қызметінен босатылғанын еске салды:

сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігіне жетекшілік еткен Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары,
әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары.

Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясы
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.
Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.
Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшыларын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.
Апат алдындағы көше жарысы: полицияның қатысы бар ма?
Әлеуметтік желілерде жол апатына көше жарысы себеп болуы мүмкін екендігі туралы видеолар тарады. Жарияланым авторларының уәжі бойынша, бұл жарысқа Полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкері қатысты болуы мүмкін.
Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов әлеуметтік желідегі видеоға сілтеме жасап, полицейдің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Жанжалдың салдары
Осыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Сондай-ақ ІІМ тергеудің жаңа мән-жайларын хабарлады.

"Полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тексеру де, қылмыстық істер де аясында медиа кеңістікте таратылып жатқан ақпаратты қоса алғанда, барлық жағдай егжей-тегжейлі тексерілетін болады", - деп хабарлады бұған дейін департамент бастығы - ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.

Сондай-ақ ол мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілгені туралы уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғағанын атап өтті.
Тағы оқыңыз: “Үш адамның өмірі үшін 10 жыл тым аз“ - марқұмдардың жақындары Алматыдағы ірі жол апаты туралы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus