Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Неге бұл туралы айтпайсыздар?“ - шенеунік азық-түлік бағасы туралы

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин азық-түлік бағасының өсуін тек ҚҚС мөлшерлемесінің көтерілуімен тікелей байланыстыруға болмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар, оның айтуынша, кейбір тауарлардың бағасы, керісінше, төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәжіліс кулуарында Әмриннен азық-түлік бағасының өсуі және оның ҚҚС-тың көтерілуімен байланысы туралы сұралды. Шенеунік өнімдер тек қымбаттап жатыр деген пікірмен келіспеді.

"Мәселен, қазір қызанақ, қырыққабат пен қарақұмық бағасы арзандап жатыр. Неге бұл туралы айтпайсыздар? Бәрі қымбаттап жатыр деу шындыққа жанаспайды", - деп жауап берді ол.

Бірінші вице-министрдің сөзінше, мемлекет әлеуметтік маңызы бар тауарлар бойынша тиісті шаралар қабылдап жатыр. Сондай-ақ ол Қазақстандағы жалпы инфляция деңгейі төмендеп келе жатқанын хабарлады.

"Былтырғы қыркүйекте ең жоғарғы көрсеткіш 12,6 пайыз болды. Қазір ай сайын төмендеп келеді. Сәуірдің қорытындысы бойынша инфляция 10,6 пайыз болды. Мамырда одан әрі төмендейді деп күтуеміз. Биыл инфляция көрсеткіші бір таңбалы санға жетеді деп ойлаймын", - деді Әмрин.

Журналистер шенеуніктен отбасылық шығындары туралы да сұрады.

"Карточка әйелімде. Мен үй шаруасымен айналыспаймын, оған жұбайым жауапты. Менің бүкіл жалақым - отбасы бюджеті", - деп жауап берді бірінші вице-министр.

Мән-жайы
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, 2026 жылдың сәуірінде Қазақстандағы жылдық инфляция 10,6 пайыз болған. Бір жыл ішінде азық-түлік тауарлары 11,3 пайызға, азық-түлік емес тауарлар 11,7 пайызға, ал ақылы қызметтер 8,9 пайызға қымбаттаған. Бұл ретте бір ай ішінде өнім бағасы 0,7 пайызға өсті.
Еске сала кетейік: 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС мөлшерлемесі 16 пайызға дейін көтерілді. Үкімет ҚҚС-тың өсуі бағаның күрт қымбаттауына себеп болмауы тиіс екенін, ал салықтың инфляцияға әсері 2–3 пайыз деңгейінде бағаланатынын мәлімдеген болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus