Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда бірнеше көшеге біржақты қозғалыс енгізіледі: тізім

Алматыда қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтар желісін кеңейту, веложолдар ұзындығын шамамен 40 шақырымға арттыру және кейбір көшелердегі қозғалыс сызбасын өзгерту жоспарланып отыр.
Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Ержан Диханбаев айтты, деп хабарлайды Tengri Auto.
Біржақты көшелер саны артуы мүмкінӘкімдік бірқатар көшеге біржақты қозғалыс енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Қозғалыс сызбасы "Тастақ" базары маңындағы мына көшелерде өзгермек:

Брусиловский;
Түркебаев;Қарасай батыр;Құлымбетов пен Прокофьев;Әуезов - Байзақов;
Жуков - Уәлиханов;
Радостовец.

Сондай-ақ Тимирязев, Жандосов, Манас, Мыңбаев, Береговой, Армянская, Айманов және Пушкин көшелеріне біржақты қозғалыс енгізу жоспарланған.

"Біз алдымен өзгерістер таңбалау мен уақытша қозғалыс сызбалары арқылы тексеріліп, оң нәтиже берген жағдайда ауқымы кеңейтілетін жедел пилоттық шешімдерді белсенді енгізіп жатырмыз. Бұл жол жағдайын шығынсыз, икемді әрі тиімді жақсартуға мүмкіндік береді. Жаңа қозғалыс сызбалары көшелердің өткізу қабілетін 20–25 пайыз арттырып, апатты 35 пайызға дейін төмендетеді, қаланың негізгі көлік тораптарына түсетін жүктемені азайтады деп күтіледі", - деді Ержан Диханбаев.

Автобус жолақтары
Сонымен қатар, басқарма дерегінше, Алматыда әл-Фараби даңғылы, Тілендиев, Шевченко, Құрманғазы, Сәтпаев, Өтеген батыр, Рысқұлов көшелерінде, Шығыс айналма жолы мен Солтүстік айналымда жаңа арнайы автобус жолақтарын салу мәселесі қарастырылып жатыр.
Еске сала кетейік, Саин көшесінде, әл-Фараби мен Рысқұлов даңғылдарында, сондай-ақ Шығыс айналма жолы учаскесінде автобустарға арналған жолақтар салу былтыр жоспарланған болатын.
Сол кезде қала билігі жобаны 2026 жылғы жұмыс жоспарына енгізу үшін мақұлдау күтіп отырған еді.
Спикердің айтуынша, бүгінде Алматыда тұрақты қалалық және қала маңындағы 206 бағытқа қызмет көрсететін 26 тасымалдаушы жұмыс істейді. Жалпы жылжымалы құрам саны 3 108 автобус.
Бағыттардың жалпы санынан 127-сі қалалық, 21-і таулы және 58-і қала маңындағы бағыт. Мегаполистің көлік жүйесінде газбен жүретін 1 564 автобус, 137 электробус, 156 троллейбус және 1 251 дизельді автобус бар.
Веложолдар
Сондай-ақ велосипед инфрақұрылымы ұзындығын арттыру жоспарланған. Қазір Алматыдағы веложолдардың жалпы ұзындығы 87 шақырым, жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 125,5 шақырымға жеткізу көзделіп отыр.
Басқарма мәліметінше, жаңа веложолақтар Сәтпаев, Масанчи, Жароков, Жандосов, Жамбыл, Қарасай батыр, Қазыбек би көшелерінде, сондай-ақ Назарбаев пен Абылай хан даңғылдарында салынуы мүмкін.
Ақылы тұрақтарҚалада ақылы тұрақтар жүйесін дамыту жалғасып жатыр. Қазір Алматыда 17 мыңға жуық ақылы тұрақ орны жұмыс істейді, ал 2026 жылдың аяғына дейін тротуар бойында тағы 8 мыңға жуық орын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, басқарма дерегінше, аула аумақтарын әзірге ақылы тұрақ аймағына қосу жоспарда жоқ.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus