Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Жаңбыр, найзағай және бұршақ: Астана мен Алматыда 21-23 мамырда ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 21, 22 және 23 мамырда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанадағы ауа райы болжамы

21 мамырда көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +13...+15 градус.

22 мамыр көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +1...+3 градус, күндіз +13...+15 градус.

23 мамыр көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +20...+22 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

21 мамырда көшпелі бұлтты, күннің соңында өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +25...+27 градус.

22 мамыр көшпелі бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз кейде нөсер жаңбыр, бұршақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел бағытын солтүстік-батысқа ауыстырады, жылдамдығы 3-8, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +12...+14 градус, күндіз +20...+22 градус.

23 мамыр көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, кейде нөсер жаңбыр, тұман. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус, күндіз +16...+18 градус.

Қазақстанда күн күрт суытады

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда күннің қайта суытатыны туралы ескерткен болатын. Елге суық антициклон жылжып келеді, ол алдымен солтүстік, содан кейін шығыс және орталық аймақтарды қамтиды.

22 мамырда елдің солтүстігінде, 23 мамырда шығысы мен орталығында түнде +0…+5 градус, кей жерлерде -3 градусқа дейін үсік жүреді деп күтілуде. Күндіз ауа температурасы небәрі +10…+15 градус болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады – синоптиктер болжамы

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus