Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әлем чемпионаты - 2026: Криштиану Роналду құрамаға шақырылғаны туралы пікір білдірді

Сауд Арабиясының "Әл-Наср" клубы мен Португалия құрамасының жұлдызы Криштиану Роналду Әлем чемпионатына шақырту алуына қатысты пікір білдірді. АҚШ, Мексика және Канадада өтетін мундиаль оның мансабындағы алтыншы турнир болмақ - бұл әлі ешкім бағындырмаған белес, деп хабарлайды Tengri Sport ойыншының әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Португалия құрамасының бапкері Роберто Мартинес 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне дайындыққа шақырылған ойыншылар тізіміне Роналдуды да қосты.
Бір күннен кейін Криштиану ұлттық құрама туралы жаңа жазба жариялады.

"Сол баяғы құштарлық пен мақтаныш сезімі. Алға, Португалия", - деді Роналду.

Айта кетейік, Криштиану Роналду Португалия құрамасы сапында 2006, 2010, 2014, 2020 және 2022 жылғы әлем чемпионаттарында өнер көрсеткен. Бұл ретте команда тек бір рет - 2006 жылы ғана жартылай финалға дейін жетті.
Сол кезде құрамында жас Роналду болған португалиялықтар жартылай финалда Франциядан, ал қола жүлде үшін өткен матчта Германиядан жеңіліп қалған еді.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Cristiano Ronaldo (@cristiano) жарияланымы


Криштиану Роналду - әлем чемпионаттарына қатысу бойынша рекордшыҚазіргі уақытта Криштиану Роналду бірнеше басқа ойыншымен бірге ең көп мундиальға қатысқандар тізімін бастап тұр.2026 жылғы Әлем чемпионатынан кейін турнир саны бойынша теңескен үш футболшы болады - Роналду, Месси және Мексика құрамасының ойыншысы Очоа алты чемпионатқа қатысқан алғашқы ойыншылар атанады.
Бұл ретте Роналду бұған дейінгі бес турнирде сегіз гол соққан.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Portugal (@portugal) жариялаған жазба


2026 жылғы әлем чемпионатында Португалия құрамасы Өзбекстан, Конго және Колумбияға қарсы ойнайды.
Португалия құрамасы 2026 жылғы Әлем чемпионатында Роналдуға қатысты шешім қабылдады

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus