Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Бәрі қымыз ішіп, мас болып қалған ба?“ Сенатор алкотестерден бас тарту туралы пікір білдірді

Сенат депутаты Марат Қожаев Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтің қазақстандық жүргізушілерге арналған алкотестерді алып тастау туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Сәуірде мәжілісмен Мұрат Әбенов бірқатар өңірде ақауы бар немесе күмәнді алкотестерлер қолданылатынын мәлімдеген болатын. Ол мысал ретінде құрылғының скотчпен оралып тұрған жағдайын келтіріп, бұл оның дұрыс жұмыс істейтініне күмән тудыратынын атап өтті.
Сондай-ақ қолданыстағы тәжірибеге қатысты да шағымдар айтылған: жүргізушілерді қан талдауына жіберуден бас тартады, ал бастапқы тексеру нәтижелері іс жүзінде "түпкілікті" шешімге айналады. Әбеновтің айтуынша, қазіргі тәжірибе жүргізушілердің құқығын бұзып, процедураға деген сенімді төмендетуі мүмкін.
Бұл мәселеге қатысты бүгін жоғарғы палата депутаты Марат Қожаев өз ойын білдірді. Ол алкотестерден бас тартудың қажеті жоқ екенін мәлімдеді.

"Алкотест - бұл қауіпсіздік техникасы мен жол жүрісі ережелерінің бұрыннан келе жатқан тәртібі. Егер адам ауырып тұрса немесе тексеру оң нәтиже көрсетсе, оның, мысалы, асқазаны ауыратынын немесе белгілі бір дәрі-дәрмектер қабылдап жүргенін түсіндіруге құқығы бар. Бұл жерде ешқандай мәселе жоқ. Сараптама бәрін көрсетіп береді", - деді сенатор.

Депутат жүргізушілердің мас күйін тексерудің қолданыстағы жүйесінің қалыптасқан тәжірибесі бар екенін атап өтті.

"Алкотестерді алып тастаудың қажеті жоқ. Бұл жақсы ереже, оны қолдану тәжірибесі де бар. Халқымыз өзі де бәрін жақсы түсінеді. Кім көрінгенді тыңдай берсек, бәрі қымыз ішіп мас болып қалған болып шығады. Бірақ қымыз ішкені үшін ұсталған адамдар жоқ қой", - деді Қожаев.

Сенатор жүргізушілер ереже бұзуға сылтау іздемей, заңға бағынуы тиіс екенін қадап айтты.

"Біз заңға бағынатын, тәрбиелі болуымыз керек. Ал біз болсақ, әр жерден сылтау іздеп, жазадан құтылғымыз келеді, заңнан айналып өту жолдарын іздейміз. Осыған қарай бет алып бара жатқандай сезім бар", - деп мәлімдеді Марат Қожаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Tengri Auto жүргізушілерді тексерудің қолданыстағы ережелерін талдаған болатын. Материалда алкотестер бастапқы тексеру ретінде қолданылатыны, ал даулы жағдайда медициналық куәландырудың нәтижесі шешуші мәнге ие болатыны айтылған. Бұл ретте медициналық куәландырудан бас тарту жүргізуші үшін ауыр салдарға соқтыруы мүмкін.
Қазақстан полициясындағы алкотестер: тексеру қалай өтеді және өз құқығыңызды қалай қорғауға болады?

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus