Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерге тыйым салынады: тың мәлімет

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу жоспарланып отыр. Қазір бұл норма үкіметте талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов журналистерге тиісті түзетулер пакеті әзірленгенін мәлімдеді. Оған балалар үшін онлайн-платформаларды шектеуді қарастыратын нормалар енгізілген.

"16 жасқа толмаған балалардың тіркелуін шектеу туралы норма қарастырылып жатыр. Тетіктері әлі нақтыланған жоқ, яғни қазір бұл норманы заңға сәйкестеп жатырмыз. Бұл мемлекеттік органдармен талқыланып жатыр. Заң жобасы Парламентке әлі түскен жоқ. Сондай-ақ, онда мен айтқандай, онлайн-коучтар мен психологтардың қызметіне қатысты "реттеуші" нормалар бар. Егжей-тегжейі туралы айтуға ерте, өйткені қазір мемлекеттік органдармен келісу сатысындамыз. Құжат қазір үкіметте. Енді жаңа Парламент алаңында, Құрылтайда бұл нормаларды талқылаймыз", - деді Кочетов үкімет кулуарында.

Вице-министр әлеуметтік желілерді шектеу нормасын "трендтегі" мәселе деп атап, мұндай тыйымды алғашқылардың бірі болып Аустралия енгізгенін айтты.

"Қазір бірқатар еуропалық ел осы саладағы заңнаманы қарастырып жатыр. Менің білуімше, 5 еуропалық мемлекет. Жалпы, Еуропарламент мұны ұлттық заңнамаға енгізуді ұсынды. Сондықтан бұл норманың қажеттілігіне нық сенімдіміз. Мұндай ұстанымда тек Қазақстан ғана емес, барлық озық елдің болуы өте жақсы көрсеткіш", - деп толықтырды Евгений Кочетов.

Тыйым салынады, бірақ бәріне емес пе?
Шенеуніктің сөзінше, қазақстандық әзірлеушілер әзірге әлеуметтік желілерге тыйым салуды дәл 16 жасқа толмаған балалар үшін енгізу керек деген пікірде.

"Бұл біздің идеямыз болды. Мәселе мынада: кіші жастағы балалар үшін әубастан түрлі онлайн-платформалардың ішкі сүзу алгоритмдері бар. Яғни, кіші жастағы балаларға қатысты белгілі бір шаралар жұмыс істеп тұр. Олар мінсіз деп айта алмаймын, олқылықтар бар, бірақ қазір 16 жасқа дейінгі балалар туралы айтып отырмыз. Тағы бір маңызды жайт, жаңадан тіркелген пайдаланушылар туралы болып отыр. Яғни, әлеуметтік желілерде жаңа пайдаланушыларды тіркеуге қатысты", - деп түсіндірді вице-министр.

Бұл әлеуметтік желілерде аккаунты бар балалар оны әрі қарай қолдана бере алады дегенді білдіре ме деп нақтыладық.

"Қабылдаған жағдайда бұл мәселені заңға тәуелді актілер деңгейінде қалай реттеуге болатынын қарастырамыз, ойланамыз. Түрлі тәсіл бар, басқа елдердің бұл саланы қалай үйлестіріп жатқанын бақылап отырмыз. Мысалы, Аустралия тәжірибесі өз мақсатына толық жете қойған жоқ, өйткені аустралиялық әріптестер жұмыс істеген механизм дербес деректерді ұсынбай-ақ іске асырылды. Қысқасы, тіркелу кезінде құжаттарды растау талап етілмеді. Бет-әлпетті тану арқылы бала екенін растау тетігі болды. Бұл механизм іске аспады, оның үстіне балалар ата-анасының аккаунтын пайдаланып, солар арқылы кіре бастады. Біз қай жолмен жүреміз? Әзірге белгісіз", - деп қосты Кочетов.

Оның айтуынша, мәселе әлі де талқыланып, басқа елдердегі құқық қолдану мәселелері ескеріліп жатыр. Дайын заң жобасын Қазақстанның жаңа Парламенті — Құрылтай қарайды. Естеріңізге сала кетейік, оған сайлау осы жылдың тамызында өтеді.
Мән-жайы
Қазақстанда балалар үшін әлеуметтік желілерге шектеу қойылуы мүмкін екені туралы былтыр айтыла бастаған болатын. 2025 жылдың желтоқсанында Мәдениет министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жариялады.
Негізгі ереже "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы":

"Жедел хабар алмасу сервистерінде тіркелуді қоспағанда, он алты жасқа толмаған пайдаланушылардың онлайн-платформаларда тіркелуіне тыйым салынады" (заң жобасы, 11-бап, 5-тармақ — жаңа 10-1 бап).

Осылайша, 16 жасқа толмаған балаларға платформалардың көпшілігінде аккаунт ашуға тыйым салынады деп болжанған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus