Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ерлерге дәлелдеуге тура келеді: қазақстандық қамауға алу туралы заң нормасын даулады

Конституциялық сот кәмелетке толмаған балалардың ата-анасына әкімшілік қамауға алуды қолдануды реттейтін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормасына дау айтқан Қазақстан азаматының өтінішін қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Норманың мәні және қазақстандықтың өтініші
Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 50-бабы екінші бөлігінде әкімшілік қамаққа алу он төрт жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге, сондай-ақ осы жасқа толмаған баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ер адамдарға қолданылмайды деп көзделеді.

"Өтініш субъектісі әйелдер үшін қамаққа алуды қолданбауға он төрт жасқа дейінгі баласының болуы жеткілікті негіз болса, ер адамдар үшін осы жастағы баласын жалғыз өзі тәрбиелеу дерегін растау қосымша талабы қойылғандықтан, осы құқықтық реттеу заң алдында бәрі тең қағидатын және жынысына байланысты кемсітушілікке тыйым салуды (Конституцияның 14-бабының 2-тармағы) бұзады деп санайды, - деп хабарлады Конституциялық сот.

Конституциялық соттың ұстанымы
Конституциялық Сот құқықтық реттеудегі айырмашылық жыныс белгісіне емес, ата-ананың балаға үздіксіз күтім жасауды қамтамасыз етуге нақты қатысу дәрежесіне байланысты екенін, сондықтан оның кемсітушілік болып табылмайтынын атап өтті. Дауланып отырған нормада қолданылған "он төрт жасқа дейінгі бала" санаты баланың тұрақты күтім мен тәрбиелеуге жоғары деңгейде тәуелділігін көрсетеді.
Теңдік конституциялық қағидаты объективті әрі ақылға қонымды негіздеме болған және олардың конституциялық маңызы бар мақсатқа қолжеткізуге бағытталған жағдайларда мұндай айырмашылықтарға жол береді.
Заңнамаға қатысты ескертулер
Сонымен қатар Конституциялық Сот ӘҚБтК-нің 50-бабы екінші бөлігінің ережесі формальды айқындық талаптарына сай келмейтінін және әртүрлі түсіндірілуге жол беретінін көрсетті. Норма ерекшелікке жататын тұлғалардың субъектілік құрамын нақтыламай, тек гендерлік белгімен шектелген, сондай-ақ "баласын жалғыз өзі тәрбиелеуші" өлшемшартының мазмұнын және оны айқындау үшін заңдық маңызы бар мән-жайлардың тізбесін ашып көрсетпеген. Бұл норманы практикада әрқалай қолдану тәуекелін туындатады.
Қорытындылар мен ұсынымдар
Норма Конституцияға сәйкес келеді деп танылды, алайда Конституциялық сот Үкіметке заңнаманы жетілдіру мәселесін қарастыруды ұсынды. Жоғарғы сотқа сот практикасын қорытындылау және істердің осы санатын қолдану бойынша қосымша түсіндірмелер беру ұсынылды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus