Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп АҚШ-тың Иранға шабуылын “екі-үш күнге“ шегергенін жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясы, Катар және БАӘ Вашингтоннан Иранға жасалатын шабуылды екі немесе үш күнге шегере тұруды сұрағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Fox News-ке сілтеме жасап.

"Сауд Арабиясы, Катар, БАӘ және тағы бірнеше ел менен мұны (шабуылды – ред. ескертпесі) екі-үш күнге, қысқа мерзімге кейінге қалдыруды сұрады. Өйткені олардың пікірінше, мәміле жасасуға өте жақын қалды", - деді Трамп Ақ үйдегі іс-шара барысында журналистерге.

Бұған дейін Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде АҚШ бейбіт келісімге қол жеткізу мақсатында 19 мамыр, сейсенбіге жоспарланған Иранға шабуылды кейінге қалдырғанын хабарлаған болатын.

"Катар әмірі Тамим бен Хамад Әл Тани, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Сауд және Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян менен біз жоспарлаған әскери шабуылды кейінге қалдыруды сұрады", - деп жазды ол.

Сонымен қатар Трамп америкалық әскерилерге Иранға қарсы кең ауқымды шабуылға дайындалуды бұйырғанын айтты. Егер тараптар қолайлы келісімге келе алмаса, шабуыл басталады, бірақ ол нақты мерзімін атамады.

"Мен оларға егер тиімді келісімге қол жеткізілмесе, кез келген сәтте Иранға кең ауқымды шабуыл бастауға дайын болуды тапсырдым", - деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Дүйсенбі күні ертерек Иран СІМ республиканың қақтығыстың кез келген сценарийіне дайын екенін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ ведомство келісім жобасына қатысты ескертулер мен түзетулер алғанын, бірақ АҚШ-тың бұл ұсыныстарды қабылдамағанын атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus