Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда дәрігер қабылдауына толық алдын ала төлем: ақшаны қалай қайтаруға болады?

Редакцияға Алматы тұрғыны хабарласты. Оны жеке клиникаға жазылу кезінде дәрігер қабылдауы үшін 100 пайыз алдын ала төлем жасауды сұраған. Мұндай талаптар қаншалықты заңды және клиника алдын ала төлемді қайтарудан бас тартса не істеу керек? Сауалдың жауабын TengriHealth тілшісі анықтап көрді.
Дәрігер қабылдауына алдын ала төлем жасау — сақтану тәсілі ретінде
Оқырманымыздың айтуынша, ол жеке клиникалардың біріне дәрігерге жазылмақ болғанда, одан консультация үшін 100 пайыз алдын ала төлем жасауды сұраған. Қызмет үшін шот банк қосымшасы арқылы жіберілген.
Медициналық мекеме мұны дәрігердің пациенттерді аптасына бір рет қана қабылдайтынымен түсіндірген. Егер адам соңғы сәтте келуден бас тартса, кезекте тұрған басқа пациенттердің дәрігерге көріну мүмкіндігінен айырылатынын алға тартқан.
Егер адам алдын ала төлем жасаса, маңызды себепсіз қабылдаудан бас тартпас бұрын және кейін ақшаны қайтаруды талап етпес бұрын тағы бір мәрте ойланады деген уәж айтылған.
Оқырманның сөзінше, егер ол қабылдауға келе алмаса, толық соманы қайтаруға уәде берген, бірақ оның егжей-тегжейін түсіндірмеген.
Клиника толық алдын ала төлемді талап ете ала ма: заң не дейді?
Қазақстан Ұлттық тұтынушылар лигасының басқарма төрайымы Светлана Романовская жеке медициналық орталықтардың бизнес нысаны болғандықтан, өз талаптарын орната алатынын түсіндірді. Бұл әсіресе сұранысқа ие, жазылу кезегі бірнеше ай бұрын толып қоятын мамандардың жұмысына қатысты.

"Әдетте клиника сайтында қызмет көрсету шарттары, соның ішінде төлем мәселесі жазылған оферта шарты орналастырылады. Егер адам оған қол қойса, демек ол шарттармен келіседі деген сөз. Сонымен қатар шарт барлық дәрігерге емес, тек белгілі бір маманға ғана қатысты болуы мүмкін", - деп толықтырды ол.

Дегенмен сарапшы компанияның іс жүзінде көрсетілмеген қызмет үшін 100 пайыз алдын ала төлем талап етуге құқығы жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, клиника мұндай шарттар туралы алдын ала ескертсе де, бұл заң талаптарын, атап айтқанда, осындай жағдайларды реттейтін "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 8-1-бабын жоққа шығармайды.

"Кез келген компания алдын ала төлем ретінде қызмет құнының 30 пайызын ғана сұрай алады. Клиника қаражатты қайтаруға уәде беруі мүмкін, бірақ бұл - бәрібір тұтынушы құқығын бұзу", — деді Романовская.

Маман мына жайтқа да күмән келтірді.

"Егер медициналық мекеме 100 пайыз алдын ала төлем алса, әдетте адам қабылдауға келмеген жағдайда ол қайтарылмайды деп есептеледі. Бұл жерде іс-әрекет пен берілген уәденің арасында қайшылық бар", - деп атап өтті ол.

Жазылудан бас тартқан жағдайда клиника қанша соманы және қандай шарттармен ұстап қала алады?
Кез келген компания сол ақшаның қандай шығындарға жұмсалғанын негіздеген жағдайда ғана қызмет құнының 30 пайызын ұстап қала алады.
Тұтынушының мұндай түсініктемені талап етуге толық құқығы бар. Егер негіздеме болмаса, ол "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңның 8-1-бабына сүйене отырып, барлық соманы қайтаруды сұрай алады.
Егер пациент қабылдауға келмесе, бірақ 100 пайыз алдын ала төлем жасап қойған болса, ол жалпы соманың кем дегенде 70 пайызын қайтаруды талап етуге құқылы.

"Тіпті адам қабылдаудың басталуына 20 минут қалғанда бас тартса да, құнның 70 пайызын қайтаруға міндетті", - деп қадап айтты сарапшы.

Егер ұйым, бұл жағдайда клиника, ақшаны қайтарудан бас тартса, өз қалаңыздағы сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне арыз беруге, Ұлттық тұтынушылар лигасына жүгінуге немесе дербес түрде сотқа талап арыз түсіруге болады.
Қандай дәлелдемелерді сақтап қою керек?
Светлана Романовская клиника әкімшілерімен тек ауызша келісіммен шектелмеуге кеңес береді.
Сотта пайдалануға болатын дәлелдемелер ретінде сарапшы мыналарды сақтауды ұсынады:

банктік чектер мен аударымдар;
мессенджерлердегі хат алмасулардың скриншоттары;
фото және видеожазбалар (егер адам қызмет тұтынушысы ретінде әрекет етсе, бұған рұқсат етіледі).

Сарапшы сондай-ақ мессенджерлердегі хат алмасуларға, әсіресе қызметке алдын ала төлем жасау туралы сөз болғанда, мұқият болуды ескертеді. Оның айтуынша, пациентпен нақты кім сөйлесіп жатқанын және хат алмасудың қай нөмірден жүргізіліп жатқанын түсіну маңызды.
Ол қызметкердің тегін, атын, лауазымын және ол өкілдік ететін компанияның атауын нақтылап алуды ұсынады. Сондай-ақ хат алмасулар мен банктік аударымдардың скриншоттарын өшіру мүмкін болмайтындай етіп сақтап қою керек.
Романовскаяның айтуынша, хат алмасу жүргізіліп жатқан телефон нөмірі клиниканың өзіне, заңды тұлғаға немесе пациент ақша аударатын ЖК-ға тиесілі болуы тиіс.
Маман мынаны ескертеді: егер пациент төлемді менеджердің жеке шотына аударып, кейін ол қызметкер жұмыстан шығып кетсе, бұл адамның клиникамен байланысын дәлелдеу әлдеқайда қиын болуы мүмкін.

"Материалдық және моральдық шығынды өтету мүмкіндігі көбірек болғандықтан, заңды тұлғамен жұмыс істеген абзал", - деді спикер.

Сондай-ақ ол қажет болған жағдайда хаттар мен скриншоттарды нотариус арқылы қосымша куәландыруға болатынын атап өтті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus