Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қырғызстанда Тәшиевке қатысты билікті басып алуға әрекеттену ісі бойынша сот басталды

Бішкектің Первомай аудандық сотында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Қамшыбек Тәшиевке қатысты алдын ала тыңдау басталды. Ол билікті күшпен басып алуға дайындалды және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media мәліметін есілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қызметкерлер мен приставтар істің құпия екенін, сондықтан сот залына апаратын дәлізге де ешкімді жібермейтінін мәлімдеген.

Қамшыбек Тәшиевтің ісі
Адвокат Икрамидин Айтқұловтың бұған дейінгі мәлімдемесі бойынша, Қамшыбек Тәшиевке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің "Билікті күшпен басып алу немесе билікті күшпен ұстап тұру, сол сияқты конституциялық құрылысты күшпен өзгертуге бағытталған әрекеттер" және "Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылып отыр.
Әңгіме осы баптың 2-ші және 4-ші бөліктері туралы болып отыр: өзі немесе басқа тұлғалар үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсатында немесе өзге де жеке мүддемен жасалған әрекет, сондай-ақ жауапты лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет.
Қырғызстанның бұрынғы Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен парламенттің бұрынғы спикері Нұрланбек Тұрғынбек ұлына қатысты жағдай белгісіз. Олар да осы іс бойынша айыпталып отыр.
Мән-жайы
Еске сала кетейік, ақпанда 75 адамның Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Жоғарғы Кеңес төрағасына мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы үндеу жолдағаны белгілі болған еді.
10 ақпанда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өзінің досы әрі серіктесі Қамшыбек Тәшиевті барлық лауазымынан босатты.
Қырғызстан басшысының баспасөз қызметі мәліметінше, "бұл қадамның басты мақсаты - мемлекет бірлігін нығайту және қоғамдағы, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасындағы іріткіге жол бермеу". Бұл оқиға Қырғызстан президентіне мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш жасалған тұста болды. Жапаровтың баспасөз хатшысының айтуынша, Тәшиевтің жақын ортасындағы адамдар депутаттарға қоңырау шалып, оларды "генералдың жағына шығуға" және "президенттің жаңа сайлауын бастауға" үгіттеген.
Ташиевтің отставкасынан кейін күштік блок қайта құрылымдалды: оның орынбасарлары қызметінен айырылды, Шекара қызметі МҰҚК құрылымынан шығарылды, сондай-ақ тікелей президентке бағынатын жаңа Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.
Кейінірек қылмыстық іс қозғалды. "75-тің хатына" қол қойғандардың бір бөлігі тергеу изоляторына қамалды. Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деген айып тағылған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus