Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Тоқаев Түркістан тұрғындары мен облыс әкіміне алғыс айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 мамырда Түркістанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммитінің қорытындысы бойынша жиналыс өткізіп, маңызды халықаралық іс-шараға жан-жақты дайындалған облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен өңір тұрғындарына ризашылығын білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы 17 мамырда Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында мәлімдеді.

Осы атқарылған жұмыстың арқасында түркі жұртының қасиетті қарашаңырағы саналатын Түркістан қаласы мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың әлеуетті орталығы ретінде ірі халықаралық іс-шараларды өткізуге әзір екенін көрсетті.

Президенттің айтуынша, шет мемлекеттердің басшылары мен саммитке қатысушылар көлік жолдарының сапасына, жасыл желегі мол көшелердің, саябақтардың тазалығына жоғары баға берген.

Мемлекет басшысы облыс және қала әкіміне еліміздің ғана емес, тұтас өңірдің жауһары – көне Түркістан шаһарын дамыту мен абаттандыру жұмыстарына айрықша мән беруді тапсырды.

Сонымен қатар, Президент Қазақстанның абырой-беделі үшін адал еңбек еткен әкімдік пен мемлекеттік мекемелердің, әскери және құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, коммуналдық қызмет жұмысшыларын, еріктілерді, сондай-ақ басқа да белсенділерді мемлекеттік наградалармен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттау туралы шешім қабылдағанын жеткізді.

Мән-жай

Түркі мемлекеттері ұйымы бес елдің басын біріктіреді: Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Қырғызстан. Түрікменстан мен Мажарстан — бақылаушылар. Ұйым түркі халықтары арасындағы саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықты нығайту мақсатында құрылған.

Түркістанда 15 мамырда өткен ТМҰ-ның бейресми саммиті жасанды интеллект және цифрлық даму тақырыбына арналды.

Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы мәртебесіне ие — бұл мәртебе 2021 жылғы наурызда бекітілген. Содан бері қала ірі мемлекетаралық кездесулердің тұрақты алаңына айналды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus