Добавить новость
World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстандықтардың 86 пайыздан астамы Президентке сенеді - әлеуметтік сауалнама

Қазақстан Президентіне деген сенім деңгейі - 86,7 пайыз. Бұл – Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) тапсырысы бойынша 2026 жылғы сәуірде жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі институттың сайтына сілтеме жасап.
ҚСЗИ мәліметінше, бұл көрсеткіш кейінгі жылдары тұрақты жоғары деңгейде сақталып келеді, бұл елді жаңғырту мен жаңарту бағытына деген қоғамның тұрақты қолдауын көрсетеді.

"Президентке деген ең жоғары сенім деңгейі жастар арасында тіркелді – 91,4%. Бұл үрдіс сенім сипатының сапалық ерекшелігін көрсетеді. Жас буын мемлекет тарпынан ұсынылатын білім гранттары, түрлі бағдарламалар, цифрлық қызметтер және өзге де қолдау тетіктерін жиі пайдаланады. Сонымен қатар, бүгінгі жастар елдің қарқынды даму кезеңінде қалыптасып келеді, бұл жағдай Президентке деген сенім деңгейіне де ықпал етпей қоймады", — делінген сауалнамада.

Президентке деген жоғары сенім деңгейі қала тұрғындары (86,9%) мен ауыл халқы (86,7%) арасында да анық байқалады. Дегенмен сенімнің мән-мазмұны әртүрлі. Ауыл тұрғындары мемлекетпен инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік бағдарламалар мен төлемдер арқылы тікелей байланыс орнатса, қала тұрғындарының сенімі жүйелі өзгерістерді қабылдаумен және олардың нәтижелерін бағалаумен көбірек байланысты.

"Ерлер де, әйелдер де Президентке жоғары деңгейде сенім білдіреді. Соған қарамастан, әйелдер арасындағы сенім деңгейі ерлермен салыстырғанда 3,8 пайызға жоғары. Білім деңгейі тұрғысынан жүргізілген талдау Президентке деген сенім көрсеткішінде елеулі айырмашылықтарды анықтаған жоқ. Респонденттердің білім деңгейіне қарамастан, бұл көрсеткіш тұрақты түрде жоғары деңгейде қалып отыр", — делінген сауалнамада.

Зерттеу мәліметтеріне сәйкес, Президентке деген сенім деңгейі азаматтардың сатып алу қабілеті артқан сайын Президентке деген сенім деңгейі де өседі. Бұл экономикалық жағдайды оң бағалау мен Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатын қолдау арасындағы өзара байланысты аңғартады.

"Осылайша, алынған деректер Президентке деген сенімнің тұрақты сипатқа ие екенін және оның білім деңгейіне тәуелді еместігін, қала мен ауыл тұрғындары арасында айтарлықтай айырмашылық байқалмайтынын, сондай-ақ барлық жас топтарында жоғары екенін көрсетеді. Бұл өз кезегінде елді дамыту саясатына жүйелі қоғамдық қолдаудың бар екенін айғақтайды", — деп түйіндейді сауалнама авторлары.

Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысы бойынша 2026 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді. Іріктемелік жиынтық көлемі – 8 000 респондент. Сауалнамаға 18 жастан асқан, еліміздің 17 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласының – Астана, Алматы және Шымкенттің тұрғындары қатысты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus