Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талапкерлерге желіде ҰБТ “сұрақтарының таралуына“ қатысты ескерту жасалды

Әлеуметтік желілерде "ҰБТ-дан өткізіп береміз", "грант алып береміз" немесе "тест сұрақтарының жауабы бар" деген хабарламалар тарап жатыр. Ұлттық тестілеу орталығы бұл алаяқтардың ісі екенін айтып ескертті, - деп хабарлайды Tengri Education тілшісі.
Осыған байланысты түлектер мен олардың ата-аналарына күмәнді ақпаратқа сенбеуге және алдаудың құрбаны болмауға кеңес берілді.

"Әр тестіленушіге жеке тест нұсқасы қалыптастырылатынын еске саламыз. Осыған байланысты желіде "таралатын" материалдары нақты тест тапсырмаларымен сәйкес келеді деген пікір шындыққа жанаспайды", — деп мәлімдеді орталықтан.

Тест материалдарын заңсыз таратуға қатысты барлық деректер анықталған жағдайда, уәкілетті органдармен бірлесіп тиісті шаралар қабылданады. Сондай-ақ, тест тапсырмалары - Ұлттық тестілеу орталығының зияткерлік меншігі және оларды заңсыз жариялау мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

"ҰБТ-ға тек өз біліміңізге сүйеніп дайындалуға шақырамыз. Академиялық адалдық принциптерін бірге сақтайық", — деп толықтырды орталықтағылар.

Мән-жай
10 мамырда Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды, ол 10 шілдеге дейін жалғасады. Тестілеуге қатысу үшін 240 мыңға жуық талапкер өтініш берді.
ҰБТ форматы өзгеріссіз қалады. Талапкерлер үш міндетті және өз таңдауы бойынша екі бейіндік пән тапсырады. Тапсырмалардың жалпы саны өзгермейді және 120 болады. Оның ішінде 20 тапсырма "Қазақстан тарихы" пәніне, 10 тапсырмадан "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылыққа", сондай-ақ әрбір екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырмадан беріледі. ҰБТ-ның ең жоғары мүмкін нәтижесі — 140 балл.
Тестілеуге бөлінетін уақыт - 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минуттық уақыт сақталады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus