Айыппұл автоматты түрде рәсімделеді: Астанада тұрақтарды жаңаша бақылау басталды
Астанада қала бойынша жүріп, көлікті дұрыс қоймау деректерін анықтайтын мобильді кешендер пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto елорда әкімдігіне сілтеме жасап.
Арнайы логотипі бар автокөліктер тұраққа тыйым салынған аймақтарды қадағалайды. Егер жүйе ол жерден көлікті анықтаса, деректер тіркеліп, айыппұл рәсімдеу үшін полицияға жіберіледі.
Фото: Астана әкімдігіКөліктердің жүк салғышында интернетке қосылу құрылғылары орнатылған, сондықтан жүйе үздіксіз жұмыс істейді. Кешендер арнайы бағыт бойынша қозғалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, орта есеппен бір көлік күніне 100-ге жуық құқықбұзушылықты анықтайды.