Сәтбаев әкімінің өкімі заңсыз деп танылды
Ұлытау облысында Сәтбаев әкімінің ауыр жүк көліктерінің қозғалысын уақытша шектеу туралы өкімінің күші жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Толығырақ
Толығырақ ақпаратты өңірлік прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.Қала әкімінің өкімімен Сәтбаев арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолда ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілгені белгілі болды.
Алайда тексеру барысында аталған автожол учаскесі "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның сенімгерлік басқаруында екені анықталды. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органның мұндай шектеу енгізуге өкілеттігі болмаған.
Нәтижесінде, заңсыз қабылданған нормативтік акт Жезқазған–Петропавл республикалық маңызы бар автожолына жататын көшеде көлік қозғалысын негізсіз шектеген.Қалалық прокуратура наразылық білдіріп, нәтижесінде әкімнің бұйрығы күшін жойған.