Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанадағы ақылы тұрақтар қала меншігіне өтеді: не өзгереді?

Астанадағы ақылы тұрақтарды қала меншігіне беру процесі аяқталуға жақын. Бұл туралы елорда әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев айтты, деп хабарлайды Tengri Auto.
Оның сөзінше, сот процедуралары аяқталғаннан кейін мүлікті өткізу процесі соңғы сатысында тұр.

"Тұрақтарды бізге өтеусіз беретін компания оңалту сатысында болған еді. Бүгін оңалтуды тоқтату туралы сот шешімі күшіне енді. Сондай-ақ өткізу туралы қосымша келісімге қол қойылды. Жақын күндері шартқа түпкілікті қол қойылады деп ойлаймыз", - деді Өтебаев.

Шенеунік барлық заңдық процедура аяқталған соң, тұрақ жүйесі толығымен қала басқаруына өтетінін атап өтті.

Тұрақтар қанша табыс табады?
Журналистер тұрақ жүйесі елорда бюджетіне қанша табыс әкелетінін нақтылап сұрады.

"Қазір нақты айту қиын, бірақ бұған дейінгі кезеңдерде, іске қосылған сәттен бастап айыппұлдармен бірге 5 миллиард теңгеден астам қаражат түсті", - деді әкім орынбасары.

Тұрақтардың жағдайы не болмақ?
Өтебаевтың айтуынша, елорданың өсуін ескере отырып, ақылы тұрақтар желісі кеңейтіледі. Сондай-ақ жекелеген аудандарда тарифтерді қайта қарау мәселесі талқыланып жатыр.

"Қаланың өсуіне байланысты ақылы тұрақтар көбейеді. Кейбір жерлерде, атап айтқанда, сол жағалаудағы халық тығыз қоныстанған аудандарда баға саясаты көтеру жағына қарай өзгертілуі мүмкін", - деді ол.

Бұл ретте қала билігі азаматтардың жекелеген санаттары үшін тұрақтарды пайдалану ережелерін қайта қарауды жоспарлап отыр.

"Әлеуметтік нысандарда тегін тұрақтар нақты белгіленеді. Сондай-ақ демалыс күндері тұрақтарды тегін ету мәселесі пысықталып жатыр. Бүгінде тұрақ ақылы, бірақ ережелер қайта қаралады", - деп толықтырды Өтебаев.

Мән-жайы
"Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС-мен келісімшарт бұзылатыны туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек 2025 жылғы ақпанда хабарлаған болатын.
Кейін Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Астанадағы ақылы тұрақтар жүйесі "түк істемей-ақ, орасан зор ақша алып отыр" деп мәлімдеген еді. Бұл ретте ол тұрақтарды мемлекет меншігіне қайтару өте күрделі процесс екенін атап өтті.
Наурызда әкім орынбасары Ерсін Өтебаев ақылы тұрақтарды мемлекет бақылауына өткізу аяқталғанын хабарлады. Сол кезде жазға қарай елорданың тұрақ жүйесі толығымен коммуналдық меншікке өтетіні айтылған болатын.
Осыдан кейін желіде "өтпелі кезеңде тұрақ ақысын төлемеуге болады" деген қауесет тарады. Бейінді басқарма бұл ақпаратты жоққа шығарып, жүйе қала теңгеріміне өткеннен кейін детарифтер өзгермейтінін хабарлады.
Қазанда Мәжіліс депутаты Асылбек Нұралин тұрақты пайдаланбаған уақыты үшін қаражатты қайтаруды енгізуді және жүйе жұмысының қолданыстағы ережелерін қайта қарауды ұсынды.
Сол айда қала маңызды өзгерістер дайындалып жатқанын хабарлады. Басты жаңалық - минутына төлеу. Жүргізушілер тұрақта нақты болған уақыты үшін ғана төлейтіндіктен, қаражатты қайтарудың жеке механизміне қажеттілік болмайды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus