Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда жасанды интеллект бірінші кезекте алмастыратын мамандықтар аталды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев Қазақстандағы жұмыссыздар санын және таяу болашақта жасанды интеллект алмастыруы мүмкін мамандықтарды атады. Бұл туралы оған бүгін Сенат кулуарында сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Толығырақ
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болады – бұл шамамен 430 мың адам, дейді Ербол Тұяқбаев.

"Жұмысынан айырылуына байланысты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендерді алсақ, олар 333 мың адам. Біз жұмыссыздықтың өткен жылғы деңгейіндеміз", – деді ол.

Сондай-ақ вице-министрден жасанды интеллект қай мамандықтарды алмастыруы мүмкін екені сұралды.
Шенеунік Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мәліметі бойынша алдағы 10 жылда ЖИ бухгалтерлер мен "қосалқы персоналды" алмастыруы мүмкін екенін айтты.

"Алдағы 10 жылда, ЖИ жаппай енгізілуіне байланысты, жұмыс орындары қысқаруы мүмкін. Бұл – адамның қатысуын қажет ететін қосалқы персонал, бухгалтерлер, заңгерлер. Мұндай 300-400 мыңға жуық жұмыс орны есептелді. Қазір біз адамдарды қайта оқытып жатырмыз", – деп түсіндірді Тұяқбаев.

Бұған дейін Еңбек министрлігі жасанды интеллект елдегі 2,2 миллионға дейін жұмыс орнына әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.
Бірінші кезекте күнделікті бірсарынды және қайталанатын жұмысы көп мамандықтар тәуекелде: хатшылар, көмекшілер, операторлар, іс жүргізушілер, бухгалтерлер және басқа да кеңсе қызметкерлері. Сондай-ақ өндіріс (конвейер жұмысшылары), көлік (жүргізушілер), сауда (кассирлер), кол-орталықтар және ауыл шаруашылығы (тракторшылар мен комбайншылар) сияқты салаларда да өзгерістер болуы мүмкін.
Сол кезде қазақстандықтарға жұмыссыз қалмау үшін басқа мамандықтарды меңгеруге кеңес берілген еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus